Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

18:42 17.3.2020

Нұр-Сұлтанда тағы бір адамнан вирус табылды. Елде дертке шалдыққандар саны 33-ке жетті

17 наурыз кешкісін Денсаулық сақтау министрлігі Нұр-Сұлтанда тағы бір адамнан коронавирус табылғанын мәлімдеді. Бір күнде Қазақстанда 23 адамға вирус жұғып, дертке шалдыққандар саны 33-ке жетті, 15 адам – Алматыда, 18 адам – Нұр-Сұлтан қаласында.

Вирус жұқтырғандар күрт көбейді. Алматы мен Нұр-Сұлтан карантинге жабылмақ
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:45 0:00

20:31 17.3.2020

Тараз тұрғындары қоғамдық көлік жұмысына шағымданды

Қазақстанда төтенше жағдай жарияланғаннан кейін Таразда қоғамдық көліктері жұмысы баяулаған. Қала тұрғындары Азаттыққа 17 наурызда автобустарды көп күткендерін айтып шағымданды. Ал қаладағы автопарк өкілдері жолаушылар азайып кеткендіктен, рейстер санын қысқартуға мәжбүр болғандарын айтады.

Тараздағы №1 автобус паркі басшысының орынбасары Қайрат Дәуренбековтың сөзінше, төтенше жағдай жариялағаннан кейінгі екі күнде жолаушылар азайып, тиісінше табыс түспей қалған.

“Тараз қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөліміне рейстер санын қысқартуға рұқсат сұрап, хат жібердік» деді ол Азаттық тілшісіне.

Ал Қалалық тұрғын-үй коммуналдық бөлімінің жолаушылар көлігі секторының меңгерушісі Ғабит Алтаев «Автобус парктерінен рейс қысқарту туралы өтініш келді. Бірақ біздің тарапымыздан рұқсат берілген жоқ. Рейстер қысқармайды, барлығы да кестесі бойынша жүре береді” деді.

20:50 17.3.2020

Шымкентте жүзден астам адам карантинде

Шымкентте карантинде жатқандар саны өскен. Қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қабылдау департаментінің басшысы Әбдіманап Түлебаевтың сөзінше, қазір 125 адам карантинде. Оның 69-ы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр, қалғаны үйінде. 13 наурызда Шымкент әкімдігі қалада 80 адам карантинде деп айтқан.

Түлебаев тек 12 адамнан, екеуі – Қытай азаматы, анализ алынғанын, олардан коронавирус табылмағанын айтты. Ал карантинде жатқандардан анализ алынбағанын жеткізді.

- Карантинде жатқан адамдардың бәрінен тест алынбайды. Олар бір бортта болған. Тек ауру белгілері бар адамдардан алынады, - деді Түлебаев.

Осыған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем елдерін “вирус жұқтыруы мүмкін деген күдікке ілінген барлық адамнан анализ алуды” сұраған.

Коронавирус жұртты әбігерге салған тұста қала әкімінің орынбасары Ербол Сәдір Шымкентте медициналық масканың 25 теңгеден 170 теңгеге қымбаттағанын айтады. Қазір қаланың қорында 650 мың дана маска бар. Әкімдік кәсіпкерлермен келісіп, маска дайындауды көбейтуге көшкендерін айтады. Әкім орынбасары маска тапшылығына байланысты ажиотаж бір аптада шешіледі деп сендірді.

- Шығарып жатқан маскалардың бағасы әртүрлі. Мысалы, дәкеден жасалған, төрт қабат оралған маска – 110 теңге, 8 рет оралған маска – 130 теңге, 16 рет оралған маска 200 теңге. 16 рет оралған масканы пайдаланған соң кір сабынмен жуып, үттіктеп қайта тағуға болады, - дейді шенеунік.

Қала әкімінің орынбасары масканың қымбаттауын доллар бағамының өсуімен мен шикізаттың сырттан жеткізілетінін, жұмысшылар жалақысы мен кәсіпкердің жұмыс ғимаратын жалға алатынымен түсіндіреді.

09:18 18.3.2020

Коронавирус Қырғызстанға да жетті

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстанда алғаш рет коронавирус тіркелді. Елдің денсаулық сақтау министрі Космосбек Чолпонбаевтың хабарлауынша, Сауд Арабиясына кіші қажылыққа барып қайтқан Созақ ауданының 3 тұрғынына коронавирус жұққаны анықталған.

"12 наурызда Шаржадан Қырғызстанға оралған олар медициналық тексеруден өтіп, үйде дәрігерлердің бақылауында болған" деді министр.

Чолпонбаев Қырғызстанның коронавируспен күресуге дайын екенін, қажетті дәрі-дәрмек, емдеу орындары жеткілікті екенін айтты.

Қырғызстан – Орталық Азияда коронавирус табылған Қазақстан мен Өзбекстаннан кейін үшінші мемлекет. Бұған дейін министрлік елде 300-ден астам адам дәрігерлердің бақылауында екенін хабарлаған.

17 наурызда Қырғызстан мұсылмандар діни басқармасы коронавирустен сақтану мақсатында елдегі мешіттерде жұма намазын оқуды уақытша тоқтатқан. Қырғызстан мүфтиі Максат Токтомушевтың жамағатқа үндеуінде елдегі мешіттердің жабылмайтыны, азан оқыла беретіні жазылған. Мүфти әлемде тарап отырған коронавирус қаупіне байланысты мешіттегі жұма намазының орнына әр мұсылман өз үйінде бесін намазын оқуына болатыны туралы пәтуа шығарылғанын, мешіттерде діни уағыз айтуға да шектеу қойылғанын хабарлады.

Соңғы ресми мәліметке сай, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 35 адамға жетті, Өзбекстанда 10 адамнан коронавирус табылған.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG