Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

09:28 18.3.2020

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 35 адамға жетті

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

18 наурыз күні таңертең Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Алматыда тағы екі адамның коронавирус жұқтырғаны анықталғанын хабарлады. Вирус Стамбулдан 15 наурызда келген 1998 жылғы студент қыздан және 10 наурызда Мәскеуден келген 1974 жылғы әйелден табылған. Екеуі де Алматыға ұшақпен келген.

- Бұл екі науқас стационарға жатқызылды, жағдайы жақсы, - деді Диас Ахметшәріп.

Қазақстанда қазір коронавирус жұққандар 35 адамға жетті. 17 науқас - Алматыда, 18 адам Нұр-Сұлтанда емделіп жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты Қазақстанның барлық аумағына 2020 жылдың 16 наурыз сағат 8.00-ден бастап, 2020 жылдың 15 сәуір сағат 7.00-ге дейін төтенше жағдай енгізген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы "пандемия" деп жариялаған Covid-19 коронавирусы әлемде 197 мыңнан астам адамға жұқты. Қаза болғандар саны 8 мыңға жуықтады. 82 мыңға жуық адам дерттен айыққан. Вирус 150-ден астам елге тарады. Адамның тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітетін вирус алғаш рет өткен жылдың соңында Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Бұл дерттің көбіне егде адамдар мен созылмалы ауруы бар адамдарға ауыр салдары бар.

10:51 18.3.2020

Бас прокуратура төтенше жағдай кезіндегі талаптар жайлы ескертті

Қазақстан бас прокуратурасы.
Қазақстан бас прокуратурасы.

18 наурызда Қазақстан бас прокуратурасы төтенше жағдай кезінде заң талабына мойынсұнбағандар жауапқа тартылатыны туралы мәлімдеме таратты.

Прокуратура елде коронавирусқа байланысты бірқатар шектеу енгізілгені, оны орындамағандар әкімшілік (10 АЕК айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамау жазасы) және қылмыстық жауапкершілікке (айыппұл немесе бостандығынан айыру жазасы) тартылуы мүмкін екенін ескертті.

Бас прокуратура эпидемиологиялық жағдайы нашар елдерден келген азаматтардың міндетті "карантиннен жалтару, шетелге барғаны туралы және араласқан адамдар жайлы деректі жасыру фактілері" болғанын айтты.

"Санитария-эпидемиологиялық қадағалау органдарының нұсқауын орындамағаны (500 АЕК-ке дейін айыппұл) және санитария ережелері мен гигиена нормаларын бұзғаны үшін (5 миллион теңгеге дейін айыппұл) әкімшілік жауапқа тарту қарастырылған... Егер мұндай әрекеттер абайсызда адамдарды жаппай жұқтыруға немесе адам өліміне әкеп соқса, онда қылмыстық жауапкершілік артылады (Қылмыстық кодекстің 304-бабы – 2 мың АЕК айыппұлдан 10 жылға бостандығынан айыруға дейін жаза)" делінген бас прокуратура мәлімдемесінде.

Соңғы ресми дерек бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырған 35 адам анықталған. 17 науқас - Алматыда, 18 адам Нұр-Сұлтанда емделіп жатыр. 19 наурыз түнгі сағат 00.00-ден бастап Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин енгізіледі. Қалаларға көліктердің кіріп-шығуына шектеу қойылады.

Жергілікті кей басылымдар Алматы қаласының полиция департаменті карантин уақытындағы қала ішіндегі қозғалыс туралы әлі нақты түсініктеме бермегенін жазды.

12:05 18.3.2020

Коронавирус бойынша әлемдегі жағдай

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Әлем бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар 200 мың адамға таяды. Ең алғаш рет өткен жылдың соңында Қытайда анықталған коронавирустан осы кезге дейін жер бетінде сегіз мыңға жуық адам қаза болды.

Қазір Еуропада вирус Италияда өршіп тұр, бұл елде осы кезге дейін 28 мыңға адам вирус жұғып, 2,5 мыңнан астам адам көз жұмған.

Испания вирус 11 мыңнан астам адамға жұққан, 178 адам опат болған.

Қытайда бұл вирус 3 мыңнан астам адамның өмірін қиды. Қазір бұл елде вирус бәсеңдей бастаған.

Еуропа одағы жетекшілері 17 наурызда одақтың сыртқы шекарасын 30 тәулікке жабу туралы ұсынысты мақұлдады.

Сейсенбі күні АҚШ-та Батыс Вирджиния штатында коронавирус жұққан науқас тіркелді. Батыс Вирджиния осыған дейін АҚШ-тағы коронавирустан аман жалғыз штат болып келген еді.

18 наурыздағы түске дейінгі мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырған 35 адам бар.

12:23 18.3.2020

Қазақстан коронавирусқа байланысты шетелден туристерді қайтарып жатыр

Миландағы тарихи ғимарат алдында тұрған турист. Италия, 10 наурыз 2020 жыл.
Миландағы тарихи ғимарат алдында тұрған турист. Италия, 10 наурыз 2020 жыл.

18 наурызда Үндістанның Гоа аралынан қазақстандық 235 турист елге жеткізілді деп хабарлады Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. Ресми ақпаратта бұлар қазір шетелде жүрген 4 мыңнан астам қазақстандық туристердің алғашқы тобы екені айтылған.

"Туризм және спорт комитеті туристер құқықтарына кепілдік жүйесі администраторымен бірлесе отырып [шетелде жүрген қазақстандық] туристердің барлығын Қазақстанға қайтару процесін бастау туралы шешім қабылдаған. Қазақстан азаматтарын елге жеткізу үшін кезектен тыс 17 әуе рейсі ұйымдастырылды. Алғашқы ұшақ 17 наурызда Гоаға ұшып шықты" деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрліктің хабарлауынша, қазіргі кезде әлемнің 13 елінде 4 мыңнан астам қазақстандық турист жүр.

18 наурыздағы таңертеңгі мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырған 35 адам бар. Елде коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланған. 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин енгізіледі. Бұл екі қалаға көліктің кіріп-шығуына шектеу қойылады.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG