Accessibility links

Киевте тәртіп орнату Виталий Кличкоға қиын түседі


Виталий Кличко Тәуелсіздік алаңында жұртпен сөйлесіп тұр. Киев, 25 мамыр 2014 жыл.
Виталий Кличко Тәуелсіздік алаңында жұртпен сөйлесіп тұр. Киев, 25 мамыр 2014 жыл.

Киевтің жаңа мэрі Виталий Кличконың кезек күттірмейтін міндеті – қала тірлігін қалыпты арнаға түсіру. Бірақ бұл – көп шаруаның басы ғана. Қала орталығы «Еуромайданнан» қалған дүниеден тазартылғаннан соң ол коррупция мәселесі мен басқару жағын қолға алуы тиіс.

Сөздің нақтылығын айтқанда, әуелі қала басшылығын тазарту қала мэрі Виталий Кличконың ең бірінші міндетіне айналады.

Мамырдың 25-і күні өткен Киев қаласы мэрі сайлауында саясаткерге айналған боксшы жеңіске жетті. Ол совет заманынан қалған 10 қабатты әкімшілік ғимаратындағы болашақ кеңсесіне барды. «Еуромайданның» алғашқы кезеңінде бұл ғимаратты наразылар басып алған. Сол кезден бері бұл ғимарат белсенділердің революциялық штабына, түнемелік орын, асхана мен емханаға айналған болатын.

Ал ондаған белсенді әлі күнге ғимараттан кеткен жоқ.

Кличконың ең бірінші әрі қиын міндеті – билікке бұрынғысынша сенбейтін наразы адамдарды ғимаратты босатуға, Киев орталығындағы көлік қозғалысына кедергі болып тұрған лагерьді бұзуға көндіру.

Украина Жоғарғы радасы депутаты Леся Оробец.
Украина Жоғарғы радасы депутаты Леся Оробец.
Парламент депутаты, Майданның құрметіне бөленген және мэр сайлауында 8,5 пайыз дауыс жинап, екінші орын алған 32 жастағы Леся Оробец «Іс жүзінде Майданды күзетіп, Майданда тұрған адамдардың барлығы баяғыда үйлеріне тарап кеткен. Қазір онда экзальтацияға берілген бірер адам ғана қалды. Киев қаласын, ең бастысы қаланың орталығын адам кейпіне келтіру өте қиын міндет» дейді.

Бірақ жаңа сайланған мэрдің басын қатыратын мәселе жалғыз бұл ғана емес.

Бұрынғы биліктен Кличконың еншісіне кезінде Виктор Янукович бағасын түсіріп, нақты өкілеттілігінен айырған лауазым тиіп отыр. Жұрт Кличконың алдындағы қала басшылығын парақоршылар әрі қызмет бабын асыра пайдаланғандар деп санайды.

2 миллион 750 мың халқы бар Украина астанасында қала мэрін сайлау 2012 жылдың шілдесінен бері өтпеген еді. Бұған дейін қаланы басқаратын адамды Янукович тағайындаған.

Кличконың «УДАР» партиясынан сайланған депутат Ростислав Павленко «Қордаланып қалған проблема көп. Толып жатқан механизмдерді (криминалды) құрту керек. Оның үстіне, Киевтегі көптеген парктер мен демалыс орындары жойылып кеткен немесе құрылыс салуға заңсыз берілген. Бұл мәселені де шешу керек» дейді.

Майдан белсенділері алаңнан жинап алынған шатырды әкетіп барады. Киев, 28 мамыр 2014 жыл.
Майдан белсенділері алаңнан жинап алынған шатырды әкетіп барады. Киев, 28 мамыр 2014 жыл.
Кличконың сайлауалды бағдарламасы қала басшылығы қызметіне жариялылық енгізу, астанадағы парақорлықты түп-тамырымен жоюға негізделген. Ол бұрынғы қала басшылығының бюджетке қатысты шешімдерін тексеріп, қаржыны орынсыз пайдалану мен заң бұзушылық фактілерін анықтауға және қаланы жемқорлыққа батқан шенеуніктерден тазартуға уәде еткен. Сонымен бірге жер телімдерін бөлуге қатысты соңғы бес жылда шыққан негізсіз қаулылардың күшін жойып, коммуналдық кәсіпорындардың қызметіне көбірек ашықтық енгізу ниетін мәлімдеген.

Украина астанасына инвестиция тарту да негізгі мақсаттардың біріне айналмақ. СССР кезінде бұл ел халық саны жағынан Мәскеуден кейін екінші орында болған.

Депутат Павленко «Шығыс Еуропадағы көрікті қалалардың біріне айналуға әлеуеті жететін қала, өкінішке қарай коррупция мен бюджетті орынсыз жұмсаудың кесірінен өзінің потенциалын дамыта алмады» дейді.

Кличко қала мэрі сайлауына осымен үшінші мәрте қатысып, 56 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті. Соңғы тоғыз жыл бойы саяси тәжірибе жинақтады. 2012 жылы парламент сайлауына қатысқан.

Ақпан айында Янукович қашып кеткеннен кейін Кличко әуелі президент сайлауына қатысуға ниет танытқан еді. Бірақ кейін бұл ойынан бас тартып, сайлауда жеңіске
Виталий Кличко (сол жақта) мен Петр Порошенко. Киев, 13 мамыр 2014 жыл.
Виталий Кличко (сол жақта) мен Петр Порошенко. Киев, 13 мамыр 2014 жыл.
жеткен шоколад магнаты Петр Порошенконы қолдаған.

Кличко мемлекет масштабындағы коррупцияға қарсы күрес бағдарламасын муниципалдық деңгейге дейін шақтап, қайта өзгертті. Бір қызығы, оның сайлауалды бағдарламасында Ресей президенті Владимир Путиннің «заң диктатурасы» немесе «билік вертикалі» деген сөздері де кездеседі.

Ауыр салмақ дәрежесінде бокстан бұрынғы әлем чемпионының сөзіндегі қасаңдықты әлемге танымалдығы мен Майданда жиі көрінгенінің арқасында иеленген имиджі білдірмейді.

Муниципалдық сайлау нәтижелері әлі соңына дейін саналып біткен жоқ. Бірақ Киев қалалық кеңесінде де Кличконың «УДАР» партиясы мандаттың басым бөлігін алатын тәрізді.

Бұған қоса жаңадан сайланған президент Порошенко сияқты мықты одақтасының қолдауы Кличкоға қаланы басқару ғана емес, қала мэрі өкілеттілігін тұтастай қайтаруға мүмкіндік береді.

2010 жылы Янукович кезінде заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, қала мэрін тағайындау құзыры президентке беріліп, бұл қызмет аты бар, заты жоқ лауазымға айналған еді.

Соңғы сайланған мэр, миллиардер Леонид Черновецкий қызметінен 2012 жылы кеткен. Сарапшылардың айтуынша, бақылаудан айырылып қалудан қорыққан билік кезектен тыс сайлау өткізуден бас тартқан.

Павленко мэрдің бүкіл өкілеттілігі жуырда қайтарылады деп сенеді.

Сонымен, тура және ауыспалы мағынасында, Кличконың қолынан Украина астанасында тәртіп орнату келе ме?

Майдандағы баррикаданы бұзуға қарсылық танытқандар автокөлік дөңгелектерін өртеді. Киев, 31 мамыр 2014 жыл.
Майдандағы баррикаданы бұзуға қарсылық танытқандар автокөлік дөңгелектерін өртеді. Киев, 31 мамыр 2014 жыл.
Киевте тұратын саясаттанушы Виталий Бала бұған сенбейді.

«Киев қаласы мэрі ретінде Кличкодан көп үміт күтпеймін. Өйткені, меніңше Киев мэрі биліктің жоғары сатысына өтуді ғана көздейтін саясаткер болмауы керек. Ол әсіресе қазіргі жағдайда Киевтің экономикалық-әлеуметтік жағдайымен айналысуы тиіс. Кличкода мұндай білім жоқ. Ал білімі жоқ болғандықтан, бұл функцияларды ол біреуге жүктейді немесе сеніп тапсырады. Ал оның сенім білдірген адамы қалай әрекет ететінін білмеймін» дейді.

Бірақ жуырда өткен қала мэрі сайлауындағы бақталасы Кличконың қабілетіне сенеді.

«Алдыңғы екі қала басшысы Черновецкий мен Попов – Киев қаласын басқарудан ең сауатты адамдар болған еді. Бірақ ол екеуін енді ешкім қайта жалдамайды. Яғни бұл арада әлдебір схема, махинациялар мен қаланы талан-таражға салудан көп тәжірибе жинақтаған адамнан қайыр жоқ» дейді Леся Оробец.
XS
SM
MD
LG