Тұтқын Владимир Козловты туған күнімен құттықтады
Түрмеде отырған оппозициялық саясаткер Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова мен саясаткердің серіктері тұтқынды 56 жасқа толуымен құттықтады. Бұған дейін 4 тамызда Қапшағай қалалық соты көшпелі отырысында Козловты мерзімінен бұрын шартты босату туралы шешім шығарғандықтан, зайыбы мен серіктері онымен көп ұзамай бостандықта қауышуға үмітті. Алматы облысындағы Заречный кентінен Азаттықтың [орысша] видеосюжеті.