Иранда 20 жыл бұрын ер дәрігерлер медицина қызметкерлерінің 70 пайызы болған еді. Бұл жағдай өзгерген, қазір елдегі дәрігерлердің 70 пайызы - әйелдер. Париса (аты-жөні өзгертілді) медицина мамандығын меңгерген ирандық әйелдердің бірі.
Ол Азаттыққа «Осының бәрі Иран қоғамындағы шектеулерге қарамастан, әйелдердің жетістікке жете алатынын көрсетті» дейді. Парисаның ойынша, «осылайша әйелдер жұмыс істеп, еркіндікке қол жеткізеді».
Бірақ Иран билігі медицина саласындағы әйелдердің жетістігін қайтадан тас-талқан етуі мүмкін.
«ТЕҢЕСТІРУ» ЖОСПАРЫ
Иран денсаулық сақтау министрлігі медициналық оқу орындарына гендерлік квота енгізу арқылы дәрігерлер арасындағы ер адамдардың үлесін әйелдермен «теңестіру» жоспарын жасап жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Иран денсаулық сақтау министрі Хасан Хашеми өткен айда хабарлады. Оның «Еліміз ер дәрігерлер мен санитарларға мұқтаж, сондықтан болашақта олардың санын реттеу керек» деген пікірі Иран баспасөзіне наурыздың 4-і күні жарияланды.
Хашеми «бұл бастаманы қоғам сынайды» деп қауіптенгендіктен, «шара қабылдауға батылы жетпей отырғанын» айтқан. Бірақ бұл салада ер адамдардың саны артса, мемлекет ауылдық жерлердегі дәрігер тапшылығы проблемасын шеше алатын сияқты.
Денсаулық сақтау министрінің білім жөніндегі орынбасары Амир Мохсен Зия (Amir Mohsen Ziaee) сәуірдің 5-і күні жартылай ресми ISNA агенттігіне «медицина мамандарын алыс аймақтарға жіберу үлкен проблема болып отыр» деді. Оның айтуынша, «Иранда санитарлар мен дәрігерлер және медицина мамандары жетіспейді».
Осылайша, денсаулық сақтау министрлігі «медициналық қызмет жүйесін реттеу үшін жоғарғы оқу орнына студент қабылдау тәртібін өзгерту керек» деген жоспарын мәлім етті. Неліктен ауылдық жерлерде қызмет етуге ер адамдардың ниет білдіретіні немесе лайық екені түсініксіз. Кейбір депутаттар әйел адамдардың ауылдық жерлерге барғысы келмейтінін айтады.
Ирандық нейрохирург Бабак Гараи Могхадамның Азаттыққа мәлімдеуінше, шалғай аймақтар расымен де дәрігерлерге мұқтаж. Азаттыққа телефон арқылы сұхбат берген ол «Әйелдерге ол жақтарға бару қиын. Бұл - үлкен проблема» деді.
«ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙДЫ ЖАҚСАРТУ КЕРЕК»
Бірақ Гараи Могхадам «медицина саласындағы студенттердің 70-75 пайызы ер адамдар болған кезде де шалғай аймақтарға дәрігер жетіспейтін» дейді.
Иранда қазір мемлекеттік университет бітірген медик студенттер ауылдық жерлерге барып 2 немесе 4 жыл қызмет етуге міндетті. Бірақ бұл жүйенің кемшілігі байқалған.
Күнделікті шығатын Hemayat басылымы осы айдың басында «медициналық ЖОО-лардың 8 мың түлегі дәрігерлерге мұқтаж алыс ауылдарға барғаннан гөрі мамандықтан бас тартқанды жөн санайды» деп жазған еді.
Тұрмыс жағдайы төмен, оның үстіне ғылыми әрі кәсіби мүмкіндігі аз болғандықтан, дәрігерлер (ер болсын, әйел болсын) алыс аймақтарға барып қызмет көрсетуден бас тартады. Гараи Могдахамның пікірінше, «дәрігерлерді шалғай аймақтарға баруға ынталандыру үшін жағдайды жақсартып, қаржылық қолдауды күшейту керек».
Сәуірдің 20-сы күні Иран Әйелдер күнін атап өткенде ел президенті Хасан Роухани «әйелдер мен ерлердің мүмкіндігі тең болсын» деп мәлімдеді.
Тегеранда өткен әйелдер мәселесіне қатысты ұлттық форумда президент әйелдердің қоғамдағы рөлін «қауіп ретінде қабылдайтын» жандардың әлі де бар екенін айтып, Иранның бұл бағытта «көп жұмыс істеуі керектігін» ескертті. Роухани «Жыныстық дискриминацияны қабылдамаймыз» деді.
Бірақ Иранның білім жүйесі бойынша сарапшы Саид Пайванди «медициналық оқу орындарында әйелдердің санын азайту туралы жоспар - әйелдерге қарсы мемлекеттік дискриминация» дейді.
Францияның Лотарингия университетінде әлеуметтану пәнінен дәріс оқитын Пайванди Иран билігінің «көптеген жылдардан бері әйелдердің дамуын шектеп, олардың білім алу мүмкіндігін бақылау үшін түрлі дәлелдер ойлап тапқанын» айтады. «Шын мәнінде қоғамның осындай мәселені шешуге ниеті болса, онда адамдарды ер, әйел деп бөліп, сылтау айтуы орынсыз» дейді ол.
Пайванди: «Билік әйелдердің білім алуын шектегісі келеді деп ойламаймын. Бірақ олар әйелдер ерлермен бәсекелес болмасын дейді. Медициналық оқу орындарында әйелдер санын шектеу - олардың құқығын бұзу» дейді.
Оның пікірінше, алыс ауылдардағы медициналық қызметті дамыту үшін ер дәрігерлерді көбейту жоспарынан нәтиже шықпайды. «Ер балалар маман болғысы келмесе, оларды мәжбүрлеп оқыта алмайсыз. Оның орнына медицина саласындағы әйердердің жетістігін қошеметтеп, әйелдерді дәрігер болуға ынталандыру керек» дейді Пайванди.
(Мақаланы ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан)