Accessibility links

Pew зерттеу орталығы: Әлем мұсылмандарының саны 1,57 млрд. адам


Pew зерттеу орталығының әлем мұсылмандарының орналасу жағдайын көрсеткен картасы.
Pew зерттеу орталығының әлем мұсылмандарының орналасу жағдайын көрсеткен картасы.

Мұсылмандардың 60 пайызы Азияда тұрады, ал Түркия, Индонезия және Филиппин елдерімен қатар Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдерінде әрбір 5 адамның біреуі мұсылман екен. АҚШ-тағы Pew зерттеу орталығы әлем халқының 23 пайызын мұсылмандар құрап, дүниежүзінде мұсылмандар санының арта түскенін айтып отыр.


Pew зерттеу орталығының дін және қоғамдық өмір бойынша форумы жариялаған “Ғаламдық мұсылмандар санының көрсеткіші” деп аталған жоба әлемдегі 232 мемлекет пен аймақтар туралы шамамен 1500-дей түрлі деректер көзінен алған ақпараттар негізінде жасалған. Онда халық санағы, демографиялық зерттеулер және халықтың жалпы саны туралы ресми есептердің мәліметтері қолданылған.

Pew зерттеу орталығының дін және қоғамдық өмір форумының аға зерттеушісі Брайан Грэмның айтуынша:

«Көп адамның түсінігінде ислам әлемі Таяу Шығыс пен Араб аймағанда басымдық болып табылады. Бірақ біздің зерттеулеріміз көрсетіп отырғандай, ислам діні азиялық аймақта басымдыққа ие. Мұсылмандардың 60 пайызы Азияда тұрады, одан әрі Түркия, Индонезия және Филиппин елдерімен қатар Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдерінде әрбір 5 адамның біреуі мұсылман екен».

Демограф зерттеуші Брайан Грэмның сөзіне қарағанда, мұсылмандардың көбі дамыған елдерде қауымдастық немесе азшылық топтар болып та тұрақтап қалған.
Көп адамның түсінігінде ислам әлемі Таяу Шығыс пен Араб аймағанда басымдық болып табылады. Бірақ біздің зерттеулеріміз көрсетіп отырғандай, ислам діні азиялық аймақта басымдыққа ие...


«Мұсылман тұрғыны ең көп ел - Индонезия, Пәкістан, Үндістан, Бангладеш және Нигерия болса, олардың көбі дамушы елдер. Алайда, соңғы зерттеулер ислам дініндегілер тек бұл елдерде ғана емес дамыған елдерде де мұсылман қауымдастықтары және азшылық топтар ретінде көп тұрып жатқанын көрсетті».

Бүгінде әлемде 1,57 млрд. мұсылман болса, ол жалпы адамзаттың 23 пайызын құрап отыр.

Олардың ішінде, 60 процент мұсылман Азия тынық мұхиты аймағын мекен етсе, 20 пайызы Таяу Шығыс, Солтүстік Африкада, 15,3 пайызы Африка сахарасында, ал 2,4 проценті Еуропада және 0,3 процент мұсылман Америкада мекендейді.

Ислам дінін ұстанушылар Қазақстанның көршісі Ресейде көп тұрады. 142 млн. халқы бар Ресейдің 16 млн. астам тұрғыны мұсылман. Ал 1 млрд. 300 млн. халық мекендейтін Қытайда 22 миллионға жуық адам мұсылман қауымын құрайды. Әлемдегі мұсылмандардың 80 пайызы ислам жолын ұстанған халқы басым елдерде тұрады.

Мәселен, 300 млн. мұсылман баласы басқа дінді ұстанатын елдерде азшылық ретінде өмір сүруде дейді Брайан Грэм.

«Еуропада шамамен 40 млн. мұсылман мекендейді. Оның қатарына Ресеймен бірге Орталық, Шығыс және Батыс Еуропа елдері кіреді.
Сол себепті көптеген мұсылман шындығында Еуропада тұрады».
Еуропада шамамен 40 млн мұсылман мекендейді. Оның қатарына Ресеймен бірге Орталық, Шығыс және Батыс Еуропа елдері кіреді.
Сол себепті көптеген мұсылман шындығында Еуропада тұрады...


Бұл жерде Орта Азияның Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркменстанды қосқан төрт еліндегі 24 млн. мұсылманнан да еуропалық мұсылмандар көбірек екендігі айтылып отыр.

Тағы бір ескеретін жайт, дүниежүзі мұсылмандарының ішінде 87-90 пайызды сүнниттер құраса, шииттер 10-13 процент қана екен.

Ал Орта Азиядағы мұсылмандар салмағын есептер болсақ, аймақтағы халқы ең көп - Өзбекстанда 96,3 пайыз ислам дінін ұстанушылар бар. Тәжікстан тұрғындарының 84,1 пайызы мұсылман, Қазақстан халқының 56,4 пайызы мұсылмандар санатына жатады екен. Сондай-ақ, Түркменстанда халықтың 93,1 пайызы, Қырғызстанның 86,3 проценті мұсылман қауымын құрап отыр.
XS
SM
MD
LG