"Айлығымыз — 90 мың теңге. Жартысы кредитке кетеді". Ақтау зауытындағы наразылық
Ақтауда болат құбыр әзірлеумен айналысатын зауыт жұмысшылары жалақыны екі есе көтеруді талап етіп тұр. Олардың сөзінше, наразылыққа шыққандар ішінде жоғары айлық — 200 мың теңге. Кейбірінің жалақысы 100 мыңға жетпейді. Компания талапты орындаудан бас тартқан соң жұмысшылар президентке жүгінді.