Шымкенттік белсенділер қамаудан шықты
Шымкентте «жер мәселесіне қатысты митинг болатыны туралы хабар таратқаны үшін» 15 тәулікке қамалған ЖСДП-ның Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы үйлестірушісі Данияр Құлтаев, белсенділер Ибрахим Әлсерке мен Сүйін Абулда 2 маусым күні кешкі саған 20:00-ден кейін Шымкент қаласы ішкі істер басқармасының арнайы қабылдау орнынан босап шықты. Белсенділер қамау орнының санитарлық ахуалы жайлы айтып, жер реформасына қатысты талаптарының өзгермегенін мәлімдеді.