Accessibility links

Ұстау, қоршау, тексеру. Билік Әблязов шақырған митингіні тағы да болдырмады

Сенбі, 17 шілде күні Алматы әкімдігінің алдында міндетті вакциналауға қарсылардың митингі өтуі керек болған. Бұл туралы бірнеше күн бұрын хабарланған. Азаттық суреттері митинг орнында не болғанын көрсетеді.

Бірнеше күн бұрын Францияда қуғында жүрген қазақстандық экс-банкир әрі оппозиционер Мұхтар Әблязов Facebook желісінде міндетті вакциналауға қарсы митинг өтеді деген.

Әблязов қазақстандықтарды 17 шілде күні қала әкімдіктерінің алдына барып, екпені салдыру-салдырмау жөнінде таңдау құқығын талап етуге шақырды.

Алматыда митинг өтпей қалды. Полицейлер жиын орнына апарар жолдарды қоршап тастады, қала әкімдігіне ешкімді өткізбеді. Журналистерді де.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG