"Қаржы пирамидасы" сотындағы шу
Ақтөбеде "заңсыз қаржы пирамидасын құрды" деп айыпталған Қуаныш Жақсыбековтің соты аяқталып, үкім шықты. Судья "мыңдаған адамнан 146 миллион теңге ақша жинап алды" деп айыпталған Қуаныш Жақсыбековке 6 жыл 6 ай түрме жазасын кесті. Айыпталушының жақтастары сот үкімімен келіспейді. Жақсыбековтің апелляциялық шағым түсіруге құқығы бар.
ПІКІРЛЕР