Ақтөбеден шыға алмай жүрген ондаған адам әкімдікке келді
Сәуірдің 6-сында Ақтөбе әкімдігі алдына карантин кезінде қалаға кіріп-шығуға мүмкіндік беретін QR-кодты (электронды куәлік) ала алмай жүрген ондаған тұрғын жиналды. Олардың арасында азық-түлік тасымалдайтын кәсіпкерлерден бөлек науқас ата-анасы тұратын ауылға жете алмай қалғандар мен қайтыс болған жақынын жерлеуге шыға алмай жүргендер де бар. Кейбір наразы QR-кодты Ақтөбе облысында қозғалыс шектелгелі – наурыздың 31-інен бері алмай жүр. Ақтөбе облысы ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы басшысы Сергей Беккер «код мәселесі бүгін кешке дейін шешілуі керек» деді.
ПІКІРЛЕР