Тоқаевтың "кредитті кешіру" жайлы жарлығына алматылықтар пікірі
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік жағдайы төмен азаматтардың қаржы мекемелерінен алған кредитін өтеу туралы жарлығын тұрғындар әртүрлі бағалайды. Жарлықта жалпы қарызы 3 миллион теңгеден аспайтын көп балалылардың, асыраушысынан айрылғандар мен мүгедек бала бағатындардың, ата-анасыз қалған 29 жасқа дейінгі жастардың 300 мың теңгеге дейінгі кредиті кешірілетіні айтылған. Азаттық Алматы тұрғындарының пікірін білді.
ПІКІРЛЕР