Зақаш Камалиденовті жерледі
Алматыда кезінде Қазақ ССР КГБ-сының төрағасы және компартияның орталық комитеті хатшысы болған Зақаш Камалиденовті (1936-2017) жерледі. Замандастары оның бір кездері Қазақстанның бірінші басшылығынан үміткер қатарында болғанын айтады. Камалиденовтің аты 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына байланысты жиі айтылады. "Желтоқсанға" қатысты өзі туралы кей пікірлерді көзі тірісінде терістеген ол 2011 жылы Жаңаөзен оқиғасына қатысты билік әрекетін сынап, «86 жылғы Желтоқсан оқиғасы кезінде халыққа оқ атқызбауға ықпал еткенін» айтқан.