Үшқоңырда жарықсыз отырғандар саны белгісіз
Алматы облысы Үшқоңыр ауылында электр жарығынсыз отырған бірнеше отбасы журналистерге «жергілікті билік мәселемізді шешуге асығар емес» деп шағым айтты. Олардың сөзінше, ауыл ортасында орналасқан үйлеріне жарық тартуға қажетті жабдықтарды электрик бірнеше есе «қымбат бағалайды». Ал ауыл әкімінің орынбасары тұрғындардың арызы бойынша жұмыс жүріп жатқанын, айналасы бір айда мәселе шешілетінін айтады.