Алматыда жыныстық зорлық құрбандарына арналған «Киімді кінәлама» көрмесі өтіп жатыр. Ұйымдастырушылар көрменің мақсаты «қылмыскерді арандатқансыңдар» деп құрбандардың өзін айыптайтын қоғамның қате түсінігін жою дейді. Көрмеге Азаттық тілшісі де барып қайтты.