Он жетінші талпыныс. "Алға, Қазақстан" партия ретінде тіркелуге тағы құжат тапсырды
"Алға, Қазақстан" оппозициялық қозғалысының белсенділері партия ретінде тіркелу үшін әділет министрлігіне 17-рет құжат тапсырды. Олар ұйымды тіркеуге былтырғы мамырдан бері тырысып келеді. Қозғалыстың Алматыдағы өкілдері қаладағы әділет департаментінің алдына барып, қолдау акциясын өткізді.