Accessibility links

Ашаршылық пен репрессия жабық тақырып па?


Жанболат Мамай (оң жақта) мен Қасым Аманжол. Алматы, 14 наурыз 2019 жыл.
Жанболат Мамай (оң жақта) мен Қасым Аманжол. Алматы, 14 наурыз 2019 жыл.

Қазақстанда 1921-22 және 1931-1933 жылдардағы ашаршылық, 1936-1938 жылдардағы сталиндік репрессия тақырыптары талқыланып тұрады. Бұл мәселелер қоғам үшін, зерттеушілер үшін жабық па? AzattyqLIVE тікелей эфиріне ашаршылық пен репрессия кезеңі туралы деректі фильмдер түсіріп, зерттеп жүрген журналист Жанболат Мамай қатысты.

Қаңтардың 30-ы күні Алматыдағы "Арман" кинотеатрында журналист Жанболат Мамайдың 20-ғасырдың бас кезінде Қазақстанда болған ашаршылық туралы деректі фильмі көрсетілді.

Бір сағат 25 минутқа созылған деректі фильмді көруге бірнеше мың адам жиналды. Бес бөлімнен тұратын "Зұлмат" деректі фильмінде қазақстандық тарихшылардың 1921-1922 және 1931-1933 жылдардағы екі ашаршылық және оның себептері жайлы нақты деректері рет-ретімен көрсетілген.

Қарай отырыңыз: Ашаршылық туралы фильмдегі аншлаг (31 қаңтар 2019 жыл).

Ашаршылық туралы фильмдегі аншлаг
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:54 0:00

Жанболат Мамай Қазақстандағы сталиндік репрессия туралы келесі деректі фильмді түсіруге кіріскенін де жақында хабарлаған.

Қазақстанда бұл кезеңдерді зерттеген ғылыми еңбектер де, әдеби шығармалар да, кино-телетуындылар да бар. Алайда қоғам ішінде бұл тақырыптар төңірегінде айтыс-тартыс, пікірталастар да туындап қалады. Ашаршылық пен репрессия кезеңіндегі кей тұлғалардың саяси орны туралы архив құжаттарын көру қиындығы да кездеседі.

Азаттықтың Алматы студиясындағы AzattyqLIVE тікелей эфир хабарына «Зұлмат» фильмінің авторы, журналист Жанболат Мамай қатысты.

Тікелей эфир хабарының видеосы:

  • 16x9 Image

    Қасым АМАНЖОЛ

    Қасым Аманжол – Азаттық радиосының тв-продюсері. 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, Жүргенов атындағы Өнер академиясының кино және телевидение факультетін аяқтаған. 20 жылдан астам Қазақстанның телевизия саласында істеп келеді. Авторлық бағдарламалардың, деректі фильмдердің авторы. «Шынның жүзі» сұхбаттар циклын, «Анық Абай» деректі сериалын, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы жайлы фильмдерді, 2014 жылы Шығыс Украинадағы соғыс пен Қырым туралы фильмдер түсірген. 2015 жылдан бері Азаттықта тікелей эфирлер жүргізіп, тележобалар жасайды. Телетоптың жұмысына продюсерлік істейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG