Accessibility links

Назарбаевсыз бір ай. Президент ауысты, билік ше?


Назарбаевсыз бір ай. Президент ауысты, билік ше?
please wait

No media source currently available

0:00 0:36:45 0:00

Назарбаевсыз бір ай. Президент ауысты, билік ше?

AzattyqLIVE тікелей эфирінде Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілетін тоқтатуы және соңғы бір ай ішінде билік пен қоғамда болған өзгерістер жайы талқыланды. Хабар қонағы «Дат» газеттер жобасының жетекшісі, журналист Ермұрат Бапи болды.

Қазақстанда 30 жылға жуық билік құрған Назарбаев 19 наурызда кенеттен президент қызметінен кететінін жариялады. Ол мәлімдемесінде сайлау өткенше Қасым-Жомарт Тоқаев президент болатынын айтқан еді. Тоқаев 20 наурызда ант беріп, қызметіне кірісті.​

Қазақстанда өткен бес рет президент сайлауы және бір рет президент өкілетін ұзарту жөніндегі референдумда Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жетіп отырды. Кейбір көрші мемлекеттер мен ТМД ның сайлауды бақылаушылары бұл сайлауларды «заңды, әділ өтті» деп мәлімдегенімен, халықаралық ұйым өкілдері, мәселен ЕҚЫҰ бақылаушылары Қазақстанда өткен сайлауларға үнемі қанағаттанбайтын баға беріп келді.

9 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жолдап, кезектен тыс президент сайлауын жариялауды ұсынды. Тоқаев биыл 9 маусымда президент сайлауын өткізу қажет деп мәлімдеді.

Президент Назарбаевсыз бір ай ішінде билікте қандай өзгерістер болды? Құрылымдық қайта құру, кадрлық тағайындаудан өзге, саяси бағытта жаңа қадамдар байқалды ма? Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей мен Өзбекстанға сапарлары қалай бағаланды? Назарбаев белсенділігі бәсеңсіді ме? Билікте шынайы транзитке ұқсас нақты қандай әрекеттер болды? Президент әкімшілігі мен Тұңғыш президент кеңсесінің жұмысында нендей айырмашылық, ұқсастық, немесе қайталау бар? Осы және өзге де сауалдарға «Дат» газеттер жобасының жетекшісі, ұзақ жылдар оппозициялық саяси журналистикамен айналысып келе жатқан қаламгер Ермұрат Бапи жауап берді.


  • 16x9 Image

    Қасым АМАНЖОЛ

    Қасым Аманжол – Азаттық радиосының тв-продюсері. 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, Жүргенов атындағы Өнер академиясының кино және телевидение факультетін аяқтаған. 20 жылдан астам Қазақстанның телевизия саласында істеп келеді. Авторлық бағдарламалардың, деректі фильмдердің авторы. «Шынның жүзі» сұхбаттар циклын, «Анық Абай» деректі сериалын, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы жайлы фильмдерді, 2014 жылы Шығыс Украинадағы соғыс пен Қырым туралы фильмдер түсірген. 2015 жылдан бері Азаттықта тікелей эфирлер жүргізіп, тележобалар жасайды. Телетоптың жұмысына продюсерлік істейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG