"Екі сиыр алу үшін 1 млн теңге керек". Базардағы мал бағасы
Өткен аптада "Нұр Отан" партиясының кеңейтілген жиынында Қазақстанның бұрынғы президенті, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев "Жұмыс жоқ болса микрокредит ал да екі сиыр сатып ал. Соның сүтін сатып ақша тап" деген болатын. Экс-президенттің бұл сөзі қоғамда әлі талқыланып жатыр. Азаттық тілшісі осы аптада Алматы облысының Жетіген ауылындағы жексенбілік мал базарына барып, сиыр бағасын біліп қайтты.
ПІКІРЛЕР