Мысалы, қалдық жақсы сұрыпталатын Швецияда тағам қалдықтары бөлек жиналып, кейін одан биогаз өндіріледі. Пластик қалдықтар ерітіліп, одан өзге заттар шығарылады. Тек мүлде жарамсыздары арнайы фильтрі бар зауыттарда өртеледі. Осы тұста Алматы сияқты елдегі ірі қалада тұратын экобелсенді Ботагөз Садыбековадан қалдық жинау және сұрыптау тәжірибесі жөнінде сұрап көрген едік.