Оппозициялық топтардың сайлауға қарсылық тактикасы әртүрлі
Қазақстанда биліктің ауысуын, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев құрған жүйенің өзгеруін қалайтын оппозицияның 10 қаңтардағы сайлауға құрған жоспары әртүрлі. Бірін бірі сынайтын топтар сол күні жұртты митингіге шақырады, бірақ кейбірі дауыс беруді қолдайды, кейбірі сайлаушылардың учаскеге баруын қаламайды. Жұртты митингіге шақырғандардың қатарында "Демпартия" құрғысы келетін бастамашыл топ пен ҚДТ қозғалысы бар. Қазақстан билігі ҚДТ-ны "экстремистік ұйым" деп таныған, ал Еуропарламент бұл ұйымды "бейбіт оппозициялық қозғалыс" деп атаған.
ПІКІРЛЕР