Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылының тұрғыны Мақпал Бірінтаевадан туыстары 7 тамыз күні көз жазып қалған. Содан бері хабар жоқ. Мақпалдың целебралды сал ауруының жеңіл түрі деген диагнозы бар. Ата-анасы полициядан іздестіру жұмысын күшейтуді сұрап отыр.