Президент Тоқаевтың қай жерде дауыс беретіні алдын ала айтылмады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС туралы референдумге Астанада дауыс берді. Бұл жөнінде ресми БАҚ хабарлады. Оның нақты қай учаскеде дауыс беретіні алдын ала хабарланған жоқ.
Азаттықтың Теміртаудағы тілшісі №314 референдум учаскесінде болды
Дауыс беруге келген кейбіреулер "жұмысқа керек" деп референдум учаскесінде суретке түскен.
Қазақстанда биыл наурызда барлық аймақта уақыт теңестірілгендіктен ел аумағында референдум учаскелерінде дауыс беру бір уақытта басталып, бір уақытта аяқталады. Бұрын сайлау мен референдум өткен кезде Қазақстанның батысында дауыс беру учаскелері бір сағат кеш ашылып, дауыс беру бір сағат кеш аяқталатын.
Референдумге шығарылған жалғыз мәселе
Референдум бюллетенінде "Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?" деген жалғыз сұрақ бар. Оған "Иә" немесе "жоқ" деген екі жауап көрсетілген. АЭС реакторы қайдан алынатыны жазылмаған.
Бұған дейін үкімет Ресей, Қытай, Франция мен Оңтүстік Корея компанияларының өтініштері қаралады деп хабарлаған.
Биліктің алдын ала есебі бойынша, егер АЭС салу туралы шешім қабылданатын болса, оның құны сегіз миллиардтан 12 миллиард долларға түсуі, ал құрылыс жұмысы 10 жылға жуық мерзімге созылуы мүмкін.
Бұл жолғы республикалық референдум өткізуге мемлекет қазынасынан 15 жарым миллиард теңге (қазіргі валюта бағамымен 32 миллион доллардан астам) бөлінді.
ПІКІРЛЕР