Accessibility links

Қазақстанда АЭС салу туралы референдумге дауыс беру. Алматы облысы Үлкен ауылы, 6 қазан 2024 жыл.
Қазақстанда АЭС салу туралы референдумге дауыс беру. Алматы облысы Үлкен ауылы, 6 қазан 2024 жыл.

Қазақстанда АЭС салу туралы референдум қалай өтті?

Қазақстанда АЭС салу бойынша референдумге дауыс беру аяқталды. Таңертеңгі сағат жетіде елде 10 мыңнан астам референдум учаскесі ашылды. Жұртшылық "Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?" деген сұраққа жауап берді. Бюллетеньде "Иә" немесе "жоқ" деген екі жауап көрсетілді.

12:26 6.10.2024

Алматыда оппозиция митинг орны деп белгілеген жерді полиция бақылап тұр

Алматыдағы Райымбек даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында, бұрын "Саяхат" автовокзалы болған маңда полиция жеңіл көліктері мен бірнеше автозак тұр. Бұған дейін шетелде тұратын қуғындағы оппозиционер, бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов осы жерді АЭС-ке қарсы митинг өтетін орын деп айтқан.

Азаттық тілшісі сөйлескен полиция қызметкерлері бұл жердегі қоғамдық тәртіпті бақылап тұрғанын, митинг туралы ештеңе естімегенін айтты.

Алматының орталық бөлігінде көше бойында тұрған полиция көліктері. 6 қазан, 2024 жыл.
Алматының орталық бөлігінде көше бойында тұрған полиция көліктері. 6 қазан, 2024 жыл.

Қазақстанда бүгін АЭС құрылысын салу жөнінде республикалық референдум өтіп жатыр. Референдум қарсаңында елде ондаған белсенді ұсталып, жауапқа тартылған. Кейбірі қылмыстық іс бойынша күдікке ілінген.

12:19 6.10.2024

Белсенділер референдум күні де үйін полиция торуылдап жүргенін айтты

Референдум күні Қазақстанның түрлі аймағында - Алматы мен Шымкент қалалар, Ақмола, Маңғыстау облыстарында тұратын бірқатар белсенді үйінің маңын полиция торуылдап тұрғанын хабарлады.

11:45 6.10.2024

Экс-президент Назарбаев Астанада дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) дауыс беріп тұр. Астана, 6 қазан, 2024 жыл.
Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) дауыс беріп тұр. Астана, 6 қазан, 2024 жыл.

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев жексенбі күні Астанада дауыс берді. Қасында баспасөз хатшысы Айдос Үкібай еріп жүрді.

Назарбаев дауыс бергеннен кейін Азаттық журналисінің қойған сұрағына жауап бермей:

– Сәлеметсіздер ме! Табысты, бақытты болыңдар, жарай ма?! – деп өте шықты.

84 жастағы Назарбаев былтыр желтоқсанда "Менің өмірім" атты мемуары жарыққа шыққаннан кейін жұрт алдына көп шықпай жүрген. Ол кітапта Назарбаев екінші отбасы бар екенін, өзінен 40 жас кіші әйелден туған балалары барын алғаш рет мойындаған. Мемуарында Назарбаев Қазақстан президенті болып тұрған кезде "Қазақстан аруы - 1999" деген атағы бар Әсел Исабаевамен (Құрманбаева) мұсылманша неке қидырғанын, одан екі ұл бала сүйгенін жазған. Ұлдардың үлкені Тауман қазір кәмелетке толған, ол да референдумге дауыс беруге қатысу құқына ие.

6 қазанда референдумге дауыс берген кезде Назарбаевтың қасында туыстарынан ешкім болған жоқ.

Нұрсұлтан Назарбаев пен алғашқы әйелі Сара Назарбаевадан Дариға, Динара және Әлия есімді үш қыз өмірге келген.

11:27 6.10.2024

Астанада белсенді Ермек Нарымбайды полиция ұстаған

Астанада жексенбіге қараған түні азаматтық белсенді Ермек Нарымбаевты полиция ұстағанын оның әкесі адвокатқа хабарлаған. Белсендіні ұстауға полиция арнайы жасағы қатысқан деп жазды белсенді Абзал Достияров в Facebook-парағына.

Адвокаттың айтуынша, Ермек Нарымбаевқа Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің "Сот шешімін орындамау" деп аталатын 669-бабы бойынша айып тақпақшы.

Ермек Нарымбаевтың түрмеден бостандыққа шыққан кездегі суреті. 31 шілде, 2023 жыл
Ермек Нарымбаевтың түрмеден бостандыққа шыққан кездегі суреті. 31 шілде, 2023 жыл

Ермек Нарымбаев 2023 жылы шілдеде түрмеден бостандыққа шыққан. 2015 жылы сот оны әлеуметтік желіде "араздық қоздыратын" пост жазды деп айыптап, бостандығынан айырған. 2016 жылдың басында сот белсендінің "шын өкінетінін" ескеріп, қамауда ұстау жазасын бостандығын шектеу түріне ауыстырған. Көп ұзамай Нарымбаев өзіне салынған шектеуге қарамастан шетелге – Украинаға кетіп қалды (өзі өміріме қауіп төнгендіктен кеттім деген). Ресей Украинаға басқыншылық жасардың алдында Нарымбаев Қазақстанға оралды. Билік өкілдері оны Алматы әуежайынан бірден қамау мекемесіне алып кетті. Бір жарым жыл түрмеде отырғаннан кейін билік оның жазасының қалған бөлігін бостандығын шектеу түріне ауыстырып, белсенді бостандыққа шыққан.

Биылғы референдум алдында Ермек Нарымбаев "Мұқалмас" бірлестігінің байқаушысы ретінде Астандағы референдум учаскелерін аралап шықтым деп Facebook-парағына жазған. Ол референдум учаскелерінде байқаушыларға кедергі жасалады деп сотқа арыз берген. Нарымбаев бір референдум учаскесінде комиссия волейбол торының арғы жағынан қара таспа керіп, байқаушылардың дауыс беру барысын қадағалауын қиындатты деп атап көрсеткен. Байқаушыларды дауыс беру барысын көріп-бақылау қолайсыз жерге отырғызып қойды деп шағынған.

Ермек Нарымбаевтың талап-арызы бойынша сот отырысы өткен жоқ.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG