Түркістан облысында тәуелсіз бақылаушы бюллетеньді топтап салу фактісін тіркеді
- Авторы: Азаттық радиосы
Бұл оқиға Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы №456 учаскеде шамамен сағат 16-да тіркелген.
Шетелден дауыс беру: Азиядағы учаскелер жабылды, Еуропада әлі жалғасып жатыр
Қазақстанда АЭС салу жөніндегі референдумге дауыс беру үшін Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, Сингапур, Малайзия, Моңғолия, Вьетнам, Индонезия мен Таиландтағы қазақстандық дипломатиялық өкілдіктері жанынан ашылған референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталды. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Постсоветтік мемлекеттер мен Еуропа елдеріндегі осындай учаскелерде дауыс беру жалғасып жатыр.
Қазір Латвия, Литва, Эстония, Болгария, Грекия, Румынии, Австрия, Бельгия, Германия, Испания, Италия, Венгрия, Нидерланд, Польша, Словакия, Франция, Хорватия, Чехия, Швейцария, Финляндия, Норвегия, Швеция мен Ұлыбританиядағы учаскелер әлі жұмыс істеп жатыр.
Бұған қоса Т аяу Шығыс пен Африкадағы елдерде, соның ішінде Оңтүстік Африка Республикасы, Эфиопия, Египет, Иордания, Қатар, Сауд Арабиясы мен Кувейттегі учаскелерде дауыс беру аяқталған жоқ.
Ал қарулы жанжал өршіп тұрғандықтан, Ливан, Израиль мен Ирандағы Қазақстан дипломатиялық өкілдіктері жанынан референдум учаскесін ашпау ұйғарылған.
Дауыс беруді өзгелерден кеш бастаған Америка құрлығындағы референдум учаскелері жұмысты да ең соңы болып аяқтайды.
Азаттықтың аймақтағы тілшілеріне учаскелерде кедергі келтірді
- Авторы: Азаттық радиосы
Азаттықтың Қарағанды мен Шымкенттегі тілшілері жексенбі күні дауыс беру барысын бақылауға барған кейбір учаскелерде кедергіге кезікті.
ПІКІРЛЕР