Жүз жастағы блокада куәгері
1941 жылы тұтқиылдан басталған соғысты отбасымен бірге Финляндияда қарсы алған, Ленинград блокадасында болған Нина Нагребецкая жасы жүзден асқанына қарамастан, соғыста тартқан тауқыметін бүге-шігесіне дейін ұмытпаған. Шамалы ғана зейнетақы алатын қария тұрмысына шағынбайды. Ол Сарань қаласындағы көпқабатты үйдегі пәтерде ұлы екеуі жұпыны тірлік кешіп жатыр. Отбасы тұрмыстық техниканы несиеге алғандарын айтады.