Accessibility links

"Нұр Отан" саяси партиясының кеңсесі алдына келген адамдарды полиция ұстап жатыр. Алматы, 27 ақпан 2019 жыл.
"Нұр Отан" саяси партиясының кеңсесі алдына келген адамдарды полиция ұстап жатыр. Алматы, 27 ақпан 2019 жыл.

"Назарбаев кетсін!" деп айғайлағандарды ұстап әкетті

Астанада "Нұр Отан" партиясы съезі басталған күні Қазақстанның түрлі қалаларында азаматтар мен белсенділерді полиция бөлімшелеріне жеткізді. Алматыда полиция билік партиясы кеңсесі алдына талап айтып келген азаматтарды ұстады.

11:01 27.2.2019

Белсенді Оралбай Бегалиев сәрсенбіде таңертең Шымкентте үйге келген полиция өкілдерінің ұсынған шақырту қағазын алмай, оқиға туралы видеоны әлеуметтік желіге салған.

10:59 27.2.2019

Сәрсенбі күні таңертең алматылық белсенділер Сүйіндік Алдабергенов, Асхат Берсалимов​ өздерін полиция қызметкерлерінің ұстап әкеткенін жазып, әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде хабар таратты.

10:58 27.2.2019

Ал Астанада "Нұр Отан" съезі болып жатқан ғимарат сыртында оннан астам азамат жиналып, мәселелерін билікке жеткізбекші болған. Бірақ полиция олардың жолын бөгеп, полиция бөлімшелеріне баруды ұсынған.

10:56 27.2.2019

Азаттық тілшілерінің оқиға орнынан хабарлауынша, азаматтардың көбі биліктің ауысуын талап еткен. Кейбірі әлеуметтік жағдайының қиындығын айтып, биліктен көмек сұраған. Жиналғандарға шыққан адам өзін "Нұр Отан" партиясының жергілікті партия ұйымының жетекшісі әрі Алматының Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаевпын деп таныстырып, наразыларға ғимаратқа кіруді ұсынды. Кеңсеге кіруден бас тартқан азаматтардың кейбірі "Назарбаев кетсін!" деп айғайлады.

"Нұр Отан" саяси партиясының кеңсесі алдына жиналған адамдар. Алматы, 27 ақпан 2019 жыл.
"Нұр Отан" саяси партиясының кеңсесі алдына жиналған адамдар. Алматы, 27 ақпан 2019 жыл.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG