Accessibility links

"Нұр Отан" саяси партиясының кеңсесі алдына келген адамдарды полиция ұстап жатыр. Алматы, 27 ақпан 2019 жыл.
"Нұр Отан" саяси партиясының кеңсесі алдына келген адамдарды полиция ұстап жатыр. Алматы, 27 ақпан 2019 жыл.

"Назарбаев кетсін!" деп айғайлағандарды ұстап әкетті

Астанада "Нұр Отан" партиясы съезі басталған күні Қазақстанның түрлі қалаларында азаматтар мен белсенділерді полиция бөлімшелеріне жеткізді. Алматыда полиция билік партиясы кеңсесі алдына талап айтып келген азаматтарды ұстады.

12:23 27.2.2019

Қазақстандық адам құқығы жөніндегі бюро 27 ақпанда Алматыдағы "Нұр Отан" партиясы кеңсесінің жанындағы рұқсат етілмеген акцияны бақылап жүрген қызметкері Дмитрий Тихоновты полицияның ұстағаны туралы хабарлады. Бюро өкілі Андрей Свиридовтің айтуынша, Тихоновты Алмалы аудандық полиция бөлімшесіне апарған. Полиция өкілдері Тихоновты қандай себеппен ұстағандарын түсіндірмеген.

Қазақстандық адам құқығы жөніндегі бюро Facebook әлеуметтік желісіндегі парағында сәрсенбі күні полиция ұстап әкеткен адамдар полиция бөлімінен босап шыққаннан кейін қайтадан "Нұр Отан" кеңсесіне қарай бара жатқанын хабарлады.

12:34 27.2.2019

Өзін қолдайтын партия съезінде сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев көп балалы аз қамтылған отбасыларға арнап 40 мыңнан астам пәтер салуды "үкіметке тапсыратынын" айтты. "Бұл санаттағы азаматтарға Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы жылдық 2-3 пайызбен тұрғын үй заемын беру жеңілдіктері тетіктерін әзірлеуді тапсырамын. Ол үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қаражат қажет болады және оған жыл сайын 50 млрд теңге бөлуді тапсырамын" деді Назарбаев.

4 ақпанға қараған түні Астанада уақытша тұрғын жай өртеніп, бір отбасының бес баласы қаза болғаннан кейін елдің әр аймағында көп балалы аналар көтерген талаптардың бірі - баспана мәселесі болатын.

Билікке наразы көп балалы аналар. 12 ақпан 2019 жыл.

Билікке наразы көп балалы аналар
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:47 0:00

12:41 27.2.2019

Алматыдағы "Нұр Отан" партиясы кеңсесі маңында оншақты адам тұр, ол жерде полиция өкілдері мен жай киімдегі адамдар да жүр деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Бұған дейін, 27 ақпанда түске қарай полици "Нұр Отан" кеңсесінің алдына жиналғандарды күштеп таратып, ондаған адамды ұстап әкеткен болаты. Азаматтарды ұстауға полицияның арнайы жасағы қатысты.

12:46 27.2.2019

Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Нұр Отан" партиясының съезі өтіп жатқан Тәуелсіздік сарайына жақын жердегі алаңға жиналған ондаған адамды полиция ұстап әкетті.

Ұсталғандарды алаң маңында тұрған автобусқа салып, полиция бөлімшесіне алып кеткен. Оқиға орнында жүрген "Настоящее время" телеарнасының тілшісі Светлана Глушкованың хабарлауынша, Астанада жиналғандардың қолында қандай да бір жазу болмаған, олар ешқандай талап қоймаған.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG