"Шалқыма". Талдыкөлді қорғау перформансы
14 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда бір топ суретші мен белсенді кіші Талдыкөлді қорғауға арналған "Шалқыма" деп аталатын перформанс өткізді. Ақ кимешекті 9 адам ақ мата ұстап, құрылыс салынып жатқан жерге барды. Экобелсенділер "ұясын қорғаған аққу бейнесінде" киіндік деп түсіндірді. Астанадағы Есіл өзенінің сол жағалауындағы Талдыкөлдің аумағы 20 гектар. Көлді Қызыл кітапқа енген құстар мекендейді. Жақында мұнда сирек кездесетін құс – қоқиқаз ұшып келген. Белсенділер осы маңда салынып жатқан көп қабатты тұрғын үй құрылысы тоқтамаса, табиғатқа зиян келетінін айтады. Ал әкімдік пен құрылыс компаниясы көл маңын абаттандырамыз дейді.
ПІКІРЛЕР