«Алып кет!» Нұр-Сұлтанда полиция Маңғыстаудағы шеруге қолдау білдіргендерді ұстады
4 қаңтарда Нұр-Сұлтанда үш жерде Маңғыстаудағы шерулерді қолдау шарасы өтті. Азаттық есебінше, бейбіт шеруге шыққан елу шақты адам ұсталды. Оның ішінде бес айлық баласын көтерген әйел де бар. Полиция оны баласымен автозакқа салып әкетті. Полиция департаменті ондаған адамды ұстаудың себебін де, санын да хабарламады.
ПІКІРЛЕР