"Қоғамдық палата". Мәжіліс бұдан былай заң жобаларын азаматтық қоғам өкілдерімен ақылдаспақ
Қазақстан мәжілісі өз ішінде тағы бір кеңесші орган құрды. Оның нақты қандай құзіреті болатыны белгісіз. Белгілісі – "Қоғамдық палата" деп аталған ұйымға мәжіліс депутаттарынан бөлек сарапшылар, саясаттанушылар мен қоғам белсенділері мүше бола алады және олар заң жобасын парламент қабылдамай тұрып алдын-ала талқылауға қатысады.