Қаңтар оқиғасына байланысты сотталған қолөнер шебері бостандыққа шықты
Шымкентте Қаңтар оқиғасына байланысты "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды" деген айыппен үш жылға қамалған Молдабай Сәдібеков бостандыққа шықты. Сот оның аппеляциялық шағымын қанағаттандырып, түрме жазасын шартты жазаға ауыстырды. Үкімнің өзгеруіне белсендінің кәмелет жасқа толмаған балаларының бары әрі бұған дейін сотталмағаны себеп болған.