"Жаңадан келген депутатпын, ештеңе айта алмаймын". Билік көп балалы отбасылар мәселесін шеше алды ма?
2019 жылы 4 ақпанда Нұр-Сұлтандағы уақытша баспанада өрт шығып, бір отбасының бес баласы қайтыс болды. Бес қыздың қазасына екі жыл толды. Осы оқиғадан соң елде көп балалы әйелдер наразылығы күшейіп, олар биліктен әлеуметтік жағдайды жақсартуды талап етіп келеді. Азаттық депутаттардан "екі жылдың ішінде билік көп балалы отбасылардың мәселесін шеше алды ма?" деп сұрады.
ПІКІРЛЕР