27 қыркүйекте Астанадағы кейбір валюта айырбастау орнында 1 доллар 485 теңгеден сатылды. Ертеңіне биржадағы саудадан соң доллар бағамы қайтадан 478 теңгеге түсті. Экономист теңгенің әлсіреуін Ресей рублінің құлдырауынан көреді. Доллардың қымбаттап жатқанына халық та алаңдайды.