Доллар күрт қымбаттады. Жұрттың көңіл-күйі қалай?
16 наурызда Ұлттық банк «теңге курсын ұстап тұруға араласпаймыз» деп мәлімдеме жасаған соң ұлттық валюта күрт құнсызданып, доллар кейбір валюта айырбастау орындарында 450 теңгеден сатыла бастады. Қазір 1 доллар, орта есеппен, 434 теңге тұрады. Бірақ айырбастау орындарының көбі долларды сатып алу-сатуды тоқтатты. Азаттық Алматы тұрғындарының теңге бір тәулікте шамамен 30 теңгеге құнсыздан соң көңіл-күйі қалай екенін сұрады.
ПІКІРЛЕР