"Кішкентай тоқаевтармен күрес". Президентті сынаған соң жұмыстан қуылған жігіт
Кинотанушы Ерлан Сұлухан қаңтар оқиғасы кезінде биліктің ескертусіз оқ атуын "қылмыс" деп бағалап, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан әр адамның қазасына жауап беруін талап етіп, Facebook парағына жазба жариялаған. Бірнеше күннен соң ол жұмысынан қуылды. Ерлан Маңғыстау облысындағы ең ірі мемлекеттік оқу орны — Есенов университеті әкімшілігінде жұмыс істейтін. Азаттық кинотанушымен қаңтар оқиғасы және университеттегі "авторитарлық жүйе" туралы сөйлесті.
ПІКІРЛЕР