Жаңаөзендегі жаңа наразылық: Жұмыссыздар билік комиссиясының ұсынысына сенбеді
Жаңаөзендегі жұмыссыз қала тұрғындары ереуілі жалғасып жатыр. Маңғыстау облыстық әкімдігі құрған комиссия ереуілшілерге 161 жұмыс орынын ұсынды. Бұған келіспеген наразы жұртшылық өздері сұраған "Өзенмұнайгаз" компаниясы саласынан тұрақты мекеме ашуды талап етті. Олар жергілікті билік комиссиясына сенбейтіндерін айтып, "Қазмұнайгаз" бас директоры Алик Айдарбаев пен мемлекеттік хатшы Ерлан Кариннің Жаңаөзенге келуін талап етті. "Мұнай бар, тамақ жоқ! "Өзенмұнайгазға" тиесілі мекемені тездетіп ашыңдар, құрылысын өзіміз салайық, сосын сонда жұмысқа тұрайық!" деді олар.
ПІКІРЛЕР