Жақияновтар отбасы (Ғалымжан Жақиянов, жары Қарлығаш және екі ұлы) Бостонда 2011 жылдан бері тұрып келеді.
Павлодар қаласының бұрынғы әкімі, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» оппозициялық қозғалысы жетекшілерінің бірі болған Ғалымжан Жақиянов қазір АҚШ-тағы Массачусетс технологиялық институтында оқиды. Бұл оқу орнында оның кіші ұлы Ележан Жақиянов та білім алып жатыр. Үлкен ұлы Берік Жақиянов Гарвард бизнес мектебінде оқиды. Қарлығаш Жақиянова Бостондағы тіл курстарының біріне барып жүр.
Жақияновтар отбасы Бостон марафоны кезінде болған жарылысты қалай бастан кешірді? АҚШ-та қылмыстық айып тағылған қазақстандықтар жайлы не айтады? Азаттық тілшісінің Қарлығаш Жақияновамен сұқбаты осы жайында өрбіді.
- Қарлығаш Кәдесқызы, сәуірдің 15-і күнгі оқиға сізге қалай әсер етті? Бостон жарылысы кезінде қайда болдыңыз?
- Жыл сайын Бостонда бұл күні ұлттық мереке - Patriot's Day ("Патриоттар күні" - ред.) атап өтіледі. Бұл мерекеге орай марафон жарысы ұйымдастырылады. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар жиналады. Оған сонымен бірге қала тұрғындары да қатысуға тырысады. Жүгіруге шамасы жетпегендер марафонға тамашалау үшін келеді.
Сол күні мен де кез-келген Бостон тұрғыны секілді серуендеп, бір жағынан марафонды көрейін деп көшеге шықтым. Оның үстіне марафон болатын жерден үйіміз алыс та емес - шамамен 500 метр. Сол жерге әрең жеткен кезде қатты дүмпуге ұқсас бірінші жарылыс болды. Екінші рет жарылған кезде маңайдағы адамдар қорқып қаша бастады. Не болғанын түсінбедім. Үйге келіп, теледидарды қосқан кезде жарылған бомба туралы хабарлап жатты.
Көпшілік жұртты бұндай оқиғаның тыныш әрі жайлы Бостонда болғаны таң қалдырды.
Әуелі бойымды үрей, не болып жатқанын түсінбеген кезде пайда болатын қорқыныш биледі. Сосын бірте-бірте болған оқиғаны түсініп, ой елегінен өткерген кезде: "Егер сол сәтте сол маңайда болсам ше?", "Ол жерде жақындарым болуы мүмкін еді ғой" деген сұрақтар туындайды. Содан бері дұрыс ұйықтай алмадым, тек енді ғана өз-өзіме келе бастадым.
Келесі күндері таныстарым мен Ележанның достарына хабарласып, аман-саулықтарын білдім. Оларға қатты алаңдадым.
- Жақындарыңыз, туыстарыңыз бәрі аман-есен бе? Сол күні жұбайыңыз, балаларыңыз қайда болған еді?
- Барлығы аман-есен. Біздің Ележан су спортымен, ескек есумен айналысады, сондықтан ол салмағына мән береді. Күн сайын 10-15 шақырым жүгіреді. Сәуірдің 15-і күні ауа-райы да жақсы болды. Ележан да марафонға қатысуды жоспарлапты. Бұл жарысқа көп адамдар қатысатындықтан онда қатаң талап жоқ. Көбісі марафонның негізгі қатысушыларымен бірге бірнеше шақырым жүгіреді. Бірақ, бақытымызға орай, баламның әуелгі жоспары өзгеріп кетіпті.
- Бостондағы жарылысқа күдікті ретінде иммигранттар ұсталды. Осыдан кейін қалаға келген адамдарға жергілікті тұрғындар сақтықпен қарай бастады ма?
- Жарылыстан кейін екінші күні біздің тіл курсында оқыған, Сауд Арабиясынан келген студентті полиция қамауға алды. Оның сыртқы келбеті ағайынды Царнаевтардың кішісіне ұқсайтын. Ол жарылыс кезінде сол маңайда болғандықтан жарақат алған. Есіңізде ме, алғашқы ресми ақпараттарда бір күдіктінің табылғаны айтылып еді ғой. Алайда кейіннен оны күдіктілер санатынан шығарып тастады. Мектепте барлығы қатты алаңдады. Бізге құқық қорғау органдарының өкілдері келіп, қандай да бір қауіп төнген жағдайларда қалай әрекет жасау керек екені туралы әңгіме өткізді.
Царнаевтар - менің баламмен құрдас. Оларды Америка босқын болғандықтан қабылдаған. Қарап отырсаң, бұл ел олардың отбасына керек жағдайдың бәрін жасап, тіпті оқуына дейін ақша бөлген. Егер жарылысқа шынында да солар кінәлі болса, оларды сондай қадамға не итермелегенін түсінбеймін...
- Бірақ бәрібір соңғы кезде иммигранттарға көзқарас өзгерген шығар?
- Жарылыс болған күні қоғамдық көліктер тоқтап қалды. Келесі күні автобустар жүріп, метро істей бастады. Жерасты жолына кіре берісте форма киген адамдар өткен-кеткеннің сөмкелерін тексеріп тұрды. Олар өздерін өте сыпайы түрде ұстады, адамдардан сөмкелерін ашып көрсетуді сұраған кезде «қолайсыздық тудырғандары үшін» кешірім сұрап, рақмет айтты. Олар сондай жағдайда да адами қалпын, достық қарым-қатынасты сақтады.
Мен бұны өз басымнан өткен басқа оқиғамен салыстырдым. Өйткені Қазақстанда да жеке заттарымды тексерген кездер болды. Ол кезде Ғалымжан түрмеде болатын. Оның алдында түрлі қамау, тексерістер болды. Мұндай нәрсе ешқашан ұмтылмайды. Үнемі «Неге?» деп салыстыра бересің, салыстыра бересің...
Жалпы, иммигранттарға көзқарас соншалықты өзгереді деп ойламаймын. Бірақ енді кей кезде қолайсыздық сезінетін болармыз.
Царнаевты ұстағаннан кейін олардың бір кездері Қазақстан немесе Қырғызстанда тұрғаны айтылды. Сосын қазақстандық балаларды (Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқов - ред.) ұстады, олардың Джохар Царнаевпен жақын дос болғаны да айтылды.
Соңғы ол оқиғалар мен балалардың ұсталуына байланысты америкалық ақпарат құралдары Қазақстан атын жиі атай бастады.
- Ұсталған екі бала жайында Бостондағы қазақтардың көзқарасы қандай?
- Алғашқы күндері «ұсталған балалар МІТ (Массачусетс технологиялық институты - ред.) университетінде оқиды» деп шатыстырып айтты. Бірақ бұл ақпарат дұрыс емес, олар өзге оқу орнынан - Дартмут университетінен. МІТ-те Қазақстаннан келген студенттердің қауымдастығы бар. Мен ондағы балалардың көбін танимын.
Ұсталған балаларға қатысты не ойлайтыны жайлы Бостондағы барлық қазақстандықтардың атынан айта алмаймын. Мұнда Қазақстаннан келген, уақытының басым бөлігін тілді меңгеруге, оқуға жұмсамай, ресторанға баруға, сауық-сайранға жұмсайтын 18-19 жастағы студенттер бар.
Оқуға жылына 40 мың доллар төлеп және сондай ақшаны баспанаға жұмсайтын студенттер де бар. Ал мұнда оқыту жүйесі мүлде басқа, студент жеке өзі көп дайындалуы тиіс, әйтпесе артта қалып қояды. Мұнда бәсекелестік өте күшті: кімнің білімі артық - сол жеңеді. Басқа ешнәрсемен таң қалдыра алмайсың. Ешкімді материалдық байлықтармен таңдандыра алмайсың, табысқа тек білім мен білігіңнің арқасында ғана жетуге болады.
Америкалықтар мигранттар елі болғандықтан әрдайым ашық әрі достық қарым-қатынас жасайды. Бірақ, менің ойымша, бетіңе күліп қарағанмен, олар іштей секем алып қалуы да мүмкін. Бәлкім, осының бәрін ұмыту үшін белгілі бір бір уақыт керек болар. Менің байқағаным, мұнда белгілі бір топ немесе этносқа бөліп қарамайды, әрбір адамды жеке-жеке қарастырады.
- Бостонда қазақстандық студенттерді қамағаннан кейін АҚШ билігі шетелдік студенттердің үстінен иммиграциялық бақылауды күшейту туралы шешім қабылдады. Ұсталғандардың бірінің жарамсыз визамен жүргені анықталды.
- Иә, қазір бұл жағдайлардың бәрі мұнда оқуға жиналған студенттердің бәріне әсер етеді. Виза берерде қоятын талаптар қатайтылады деп есептеймін. Шекараны кесіп өткен кезде де, әуежайларда да қадағалау күшейетін шығар.
Мен ана ретінде ұсталған балалардың тағдырына алаңдаулымын. Олар өздерінің шалағайлықтарынан сондай жағдайға түсті. Олардың ата-аналарының қандай күйде отырғанын да түсінемін.
Балаларын шетелге жіберетін ата-аналарға айтарым: мүмкіндігінше балаларыңызбен уақытша болса да бірге барыңыздар. 19 жастағы ұл-қыздарға бөтен елде басқа ортаға бейімделуі қиын. Егер оған мүмкіндік болмаса, балаңызбен үнемі хабарласып отырыңыз. Мұндағы барлық тіл мектептері мен университеттер ата-аналарға интернет арқылы баласының сабаққа қалай барып жүргенін, оқу үлгерімін бақылауға мүмкіндік береді.
- Қарлығаш Кәдесқызы, жақында жұбайыңыз елу жылдық мерейтойын атап өтпекші. Бостонда бұл мерейтойға қалай дайындалып жатырсыз?
- 8 мамыр - Ғалымжанның туған күні. Туыстарымыз бен достарымызды күтіп отырмыз, үйіміздің есігі оларға ашық. Біз үшін туған күн тек дастархан жайып, ішіп-жеу емес, қонаққа келген жақындарымызға Бостон мен Американы көрсеткіміз келеді.
50 жас соншалықты көп те емес. Ер азамат үшін бұл жас – алды-артына қарап, қандай да бір қорытынды жасайтын маңызды белес. Менің ойымша, Ғалымжанмен бірге жеткен ортақ табысымыз - біздің балаларымыз, тамаша екі ұлымыз.
- Сұқбатыңызға көп рақмет.
(Мақаланы қазақшаға өңдеген Мақпал Мұқанқызы)