Accessibility links

Балғынбек пен Жандарбектің мәуліт мейрамындағы айтысы


Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов. Алматы, 21 наурыз 2010 жыл.
Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов. Алматы, 21 наурыз 2010 жыл.

Мұсылман жамағат наурыздың 5-і күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Мұхаммед пайғамбардың туған күні – мәуліт мерекесін атап өтуге жиналды. Мәуліт соңында Балғынбек Имашов пен Жандарбек Бұлғақов айтысты. Оқырмандар өтініштеріне байланысты сол айтысты жариялап отырмыз.


Жандарбек пен Балғынбектің мәуліттегі айтысы
please wait

No media source currently available

0:00 0:20:38 0:00
Жүктеп алу


Мәуліт мейрамындағы айтыста Балғынбек Имашов ислам дінінің хақтығы мен жұма намазының сауабын жырлады.

– Ай! Бисмилла, оңғарсын деп ісімді Алла,
Дін үшін тер төгейін күшім барда.
Жаратқанды күндіз-түн зікір етем,
Бойымда тахарат пен зікір барда.
«Сиратул мустахим» деп аталатын,
Құлына тура жолды ұсынды Алла.
Тура жол табылмайды Түркістаннан,
Меккеден, Мединеден, Мысырдан да.
Тек Құраннан табамыз тура жолды,
Көңілден күпірлікті ысырғанда.
Сәлеммен бастайын сөздерімді,
Сүннетпен сәуле шашып бүкіл маңға, – дей келіп Жандарбекке қарата:

– Балиғатқа жетсең де жігіт болып,
Шариғаттан қашасың жулик болып.
Үйленуден қорқасың, үй болудан,
Сан түрлі көңіліңе күдік толып.
Бойдақтың оразасын ұстамайсың,
Нәпіл, ғибадаттарың ұмыт болып.
Жандарбек, саған жаным шын ашиды,
Өмірің бара жатыр бүлік болып.
Түсіңде неше түрлі қызды көріп,
Жұма сайын жүресің жүніп болып, – деп қағытты Балғынбек.

Ал Жандарбек исламға қас қоғамдық істерді сын садағына ілді. Мәулітке жиналған жамағатты дүниауи істерден арылып, дін жолына түсуге шақырды:

– Иманынан танисың өсер елді,
Құйғанынан танисың өшер елді.
Бұл күні жолдың бойын жағаласың,
Көгертпейтін тірлік көп көсегеңді.
Пәленше, түгеншенің зираты деп,
Келгенше көріп келдік неше белді.
Зираттарды биік қып салып жүрміз,
Дүнияуи дүрбелең еселенді.
Бұның бәрі ысырап, ағайындар,
Шайтанға жіберетін еселерді.
Ол ақшаға жол салып, көпір салып,
Көркейтсе болмай ма көшелерді.
Иә, болмаса, жарылқа жетім қалған
Бала мен жесір қалған шешелерді.
Алла бізді жаннатқа кіргізбейді,
«Керемет салды екен, – деп, – кесенеңді».
XS
SM
MD
LG