Ақпанның 19-ы күні Женевада «Адам құқықтары және демократия» атты саммит өтті. Ондаған елдің журналистері, қоғам қайраткерлері мен азаматтық белсенділер бас қосқан жиын алдағы аптада өтетін БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесінің алдында әдейі ұйымдастырылған.
Саммитке қатысқандардың ішінде қазақстандық журналист Лұқпан Ахмедьяров та болды. Журналист жиыннан орала салысымен Азаттық тілшісіне саммит жайлы баяндап берді.
- Егер БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесіне саясаткерлер жиналатын болса, бұл жиынға адам құқығы саласындағы жағдайы мәз емес елдердің азаматтық қоғам өкілдері жиналды. Біздің берген ақпаратымыздың негізінде БҰҰ саясаткерлер алдына нақты мәселелер мен сұрақтар қояды, - деді ақпанның 21-і күні Азаттық тілшісіне сұхбат берген журналист Лұқпан Ахмедьяров.
Бесінші мәрте өткен саммитке Қазақстаннан өзге Пәкістан, Иран, Ресей, Солтүстік Корей, Куба және тағы басқа елдердің белсенділері қатысқан. Қатысушы белсенділер өз мемлекетіндегі өзекті мәселелерге назар аудартуға тырысқан.
- Мен өзіме жасалған қастандық жайын, Жаңаөзендегі ереуіл жайлы шынайы ақпарат тарағаннан кейін елдігі ақпарат құралдарын қудалау жүріп жатқанын және 30-ға жуық БАҚ-ты жабу туралы шыққан сот шешімі жайлы айттым, - деді Ахмедьяров.
Саммит екі сессияға бөлінген. Біріншісі - адам құқықтары, екіншісі - сөз бостандығы тақырыбын қозғаған. Бірінші сессияны бір топ еркек зорлап кеткен пәкістандық құқық қорғаушы әйел Мухтар Маи болды. Ол еліндегі әйелдердің құқықтары жайлы баяндама жасап, әлемді Пәкістандағы патриархатпен тұрғындардың сауаттылығын көтеру арқылы күресуге шақырған.
Бұдан кейін әйелдер құқығына қатысты ирандық белсенді Марина Немат баяндама жасады. Ол өз еліндегі саяси режимге сын айтып, наразылық шараларына қатысқаны үшін 16 жасында түрмеге түскен. Марина «Иранда әйел еркектің жарты құнына тең» деген. Оның сөзінше, Иранды бомбалағаннан пайда болмайды, Иранға, оның проблемасы жайлы ашық айтатын еуропалық саясаткерлер мен журналистердің дауысы көмектесе алады.
Бұдан бөлек, саммитте Конго, Мавритания, Солтүстік Корея мен Судандағы адам құқығының аяқ асты болуы мен құлдық фактілері сөз болған.
Жиынға Ресейде қамауға алынған Pussy Riot тобының әншісі Надежда Толоконникованың күйеуі де қатысқан.
- Солтүстік Кореядан келген Шин Донг-Хук өзінің лагерьде туғанын, 23 жасқа дейін лагерьде тұрып, кейін қашып кеткенін айтты. Ол сөзін түрмеде көрген қиындық пен азаптауларды тоқтатуға халықаралық қауымдастық септігін тигізсе деген тілегін айтты, - дейді Лұқпан Ахмедьяров.
Журналистің сөзінше, БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетін биыл БҰҰ Женева кеңсесінің бас директоры Қасым-Жомарт Тоқаев басқаратындықтан саммитте Қазақстандағы шынайы ахуалға назар көбірек аударылған.
Биыл Женевада бесінші мәрте өткен адам құқықтары саммитіне жиырмадан астам үкіметтік емес халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымы демеушілік етеді.