Серік Сапарғалидың «ұйымдасқан қылмыстық топқа» қатысты жауабы интернетте екі түрлі мазмұнда таралды.
Кеше айыпталушылардың барлығы сұралып бітіп, бүгін таңертең қосымша сұрақтарға жауап беруге көшті.
Ал қыркүйектің 14-і күні Владимир Козлов өзіне тағылған айыптарды жоққа шығаратынын қайталап, Жаңаөзен оқиғасын Еуропадағы тәртіпсіздік жағдайларымен салыстырды.
– Еуропада тәртіпсіздіктер болып, тіпті көліктер өртеліп, бүлік шығып жатса да, құқық қорғау органдары оларды басу құралдарын өте мұқият таңдап алады. Жаңаөзендегідей қару қолданған оқиғаларды көп жылдар бойы естіген жоқпыз. Жаңаөзенде жүздеген адам полицейлерден қашты, олардың өмірлеріне еш қауіп төндірмеді, - деді Владимир Козлов.
«Айыптау қорытындысында «Алғаның» конспирациялық әдістерді қолданғаны жөнінде жазылған екен. Осыған не дейсіз?» деп сұрақ қойған кезде Козлов:
– Жоқ, біз бір-бірімізді лақап аттармен атап, хабарламаларды құпияландырған жоқпыз. Қаржылық мәлімет пен партия мүшелерінің аты-жөндерін қорғау бойынша ғана қолда бар ақпараттық қорғау тәсілдерін қолдандық,- деп жауап берді.
ҚАРАМА-ҚАЙШЫ ТӨЛ СӨЗ
Бүгін Серік Сапарғалидың «ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы» туралы айтқаны интернетте қарама-қайшы екі түрлі мазмұнда таралды.
«Сапарғали кінәсін толық мойындады» деп хабарлаған «Қазақпарат» агенттігі оның сөзінен былайша үзінді келтірді:
«Біз Козловпен бірге ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері болып табыламыз. Мен сотқа басқа бағыттағы саясаткер екенімді тағы бір рет айтқым келеді. Мен Тәуелсіздік декларациясы мен Заң жағында тұрмын...
Жаңаөзенге бару кезінде мен мұнайшыларға шынымен де көмектесуге тырыстым. Онда менің сөздерім теріс қабылданатынын түсіне қоймадым. Өкінішке қарай, қарашаның аяғында ғана олардың талаптары заң аясынан шыққанын сезіндім. Менің сөздерім мен әрекеттерім кері әсер етіп, Жаңаөзендегі желтоқсан оқиғасына соқтырғанына қатты өкініп, кінәмді мойындаймын».
Ал Ақтау сотынан Twitter-де трансляция жасаған «Masa.kz» порталының шеф-редакторы Ардабек Солдатбайдың келтірген сөзінде Серік Сапарғали «ұйымдасқан қылмыстық топқа кірмеген» болып шығады.
Сапарғалидың сөздері: «Біз ешқашан ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болған емеспіз. Мен өзге бағыт ұстанған саясаткермін. Біз Козловпен ұлтаралық және тіл мәселесін көтермейміз деп алдын-ала келіскенбіз. Менің жағдайым қазақтың ескі мақалында жақсы айтылған - "Екі атан сүйкенсе, ортасында шыбын өледі». Жаңаөзенде белсенді болғандар мұнда бірі де жоқ, ал мен осында отырмын. Соны түсінбеймін» деп жазылған.
Айыпталушылардың жауабынан кейін қыркүйектің 14-інде сотта зат түріндегі айғақтар көрсетілді. Әуелі Владимир Козловтың Жаңаөзенде мұнайшылармен кездескені жөніндегі видео, мұнан соң «алғалықтардың» 2010 жылы сәуір айында қуғындағы бизнесмен, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовпен өткізген скайп-конференциясы көрсетілді.
Бірақ Twitter-де отырған блогшылар скайп-конференцияның сапасы нашар болғанын айтып, көпшілікке түсініксіз болғанын жазып жатты.
Тамыз айында басталған тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козловтың, оппозициялық саясаткер Серік Сапарғалидың және қоғамдық белсенді Ақжанат Әминовтың соты әлі жалғасып жатыр. Жаңаөзен оқиғасынан кейін қамауға алынған үш азамат та «елдің конституциялық құрылымын күшпен өзгертпек болды, әлеуметтік араздық тудырды және қылмыстық топ құрды» деп айыпталады.