Әблязов сырттай 20 жылға сотталды
Алматы қаласы Медеу аудандық 2-соты БТА банк ісіне қатысты үкім шығарды. Сот негізгі айыпталушы - БТА банктің директорлар кеңесінің экс-төрағасы, қазір шетелде тұратын оппозициялық тұлға Мұхтар Әблязовты сырттай 20 жылға соттады. Банктің бұрынғы топ-менеджерлері Жақсылық Жарымбетов пен Сәдуақас Мәмеш шартты жаза алды, ал несие беру бойынша директоры болған Қайрат Садықов 15 жылға сотталды.