Accessibility links

Борышкерлердің банктегі наразылығы полицияда аяқталды


Банкке наразылар ұсталды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:59 0:00

«Халықты баспанамен қамтыңдар» қозғалысы белсенділерінің АТФ банк алдындағы наразылығы. Алматы, 15 шілде 2014 жыл.

Алматыда АТФ банк ғимараты алдында наразылық білдірген бірнеше белсендіні полиция ұстап, біреуіне айыппұл салды. Ал банк борышкерлер мәселесін шешіп жатқандарын айтады.

Шілденің 15-і күні өздерін «борышкерміз» деп атайтын, «ипотекаға алған үйлерін банктің тартып алмауын» талап еткен бірнеше белсенді Алматыдағы АТФ банк ғимараты алдында наразылық танытты.

НАРАЗЫЛАРДЫ ҰСТАУ

Наразылар өздерімен кездесуге шыққан банк қызметкерлерімен сөйлесуден бас тартып, банктің бірінші басшысымен кездестірмесе банк алдында шатыр тігіп аштық жариялайтындарын ескертті.

Бұдан кейін полиция наразылардың бір бөлігін – «Халықты баспанамен қамтыңдар» үкіметтік емес ұйымы төрайымы Сұлубике Жақсылықова мен тағы бірнеше адамды ұстап, Алмалы аудандық ішкі істер бөліміне әкетті.

Азаттық тілшісі банк алдындағы наразылық шарасы кезінде ұсталған белсенділердің жайын білу үшін Алмалы аудандық полиция бөлімшесіне хабарласты. Бірақ полицияның баспасөз қызметінен қандай да бір ақпарат алу мүмкін болмады, хатшы жиналыстан босамады.

Кейін белсенді Сұлубике Жақсылықоваға хабарласқанымызда, ол «заңсыз наразылық шарасын ұйымдастырғаны» үшін 12 белсенді

«Халықты баспанамен қамтыңдар» үкіметтік емес ұйымы төрайымы Сұлубике Жақсылықова.
«Халықты баспанамен қамтыңдар» үкіметтік емес ұйымы төрайымы Сұлубике Жақсылықова.

ұсталғанын, олардың бірі Дильнар Инсеноваға 50 айлық есептік көрсеткіш (92 мың 600 теңге) көлемінде айыппұл салынып, қалғандарына ескерту жарияланып босатылғанын» айтты.

Сұлубике Жақсылықова полиция шарасы кезінде белсенділердің бірі Татьяна Аленкинаның «тізесі шығып кеткенін» де хабарлады. Қалқаман ықшам ауданындағы 7-аурухананың жарақат бөлімі ондай науқастың жеткізілгенін растады, бірақ қандай жарақат алғанын айтудан бас тартты.

Полициядан бұл мәліметтерді де растау мүмкін болмады.

БАНК ПІКІРІ

Полиция бірнеше наразыны ұстап әкеткен соң АТФ банк басшылығы ғимарат алдында тұрған борышкерлерден төрт адамды ішке кіргізіп, журналистер үшін баспасөз брифингін өткізді.

– Қоғамдық ұйымдармен бірге талап қойып тағы келген біраз борышкерді көріп таңғалдым. Олардың бәрімен белгілі бағдарлама, шарттар аясында жеңілдік жасауға келісіп, жұмыс істеп жатырмыз, – деді АТФ банктің атқарушы директоры Игорь Горячев.

Қазақстанда кезінде банктерден несие алған борышкерлер бұған дейін де Алматы мен Астанада бірнеше рет наразылық акцияларын өткізген еді. 2000 жылдардың ортасында Қазақстандағы «қаржылық дүмпу» кезінде банктерден салыстырмалы түрде оңайлатылған жолдармен несие алып, бірақ кейін оны қайтара алмаған азаматтар берешек несие көлемі мен өсіміне байланысты дауларын шешуді билік пен банктерден талап етіп келеді.

Билік орындары банк пен клиенттердің арасындағы дауға араласа алмайтыны туралы уәжінен танбайды. Банк өкілдері несие алған азаматтарға қолданыстағы заң аясында талап қойып отырғандарын айтады.

XS
SM
MD
LG