Автобустағы "Оңайдың" дауы
Алматыдағы №32 автобуста полиция мен бақылаушылар "Оңай" карточкасын сатып алмаған жолаушының автобустан шығуын талап етті. Жолаушы карточка алмағанын, бірақ жол ақысын төлеуге дайын екенін айтқан. Видеоны Whatsapp арқылы жолдаған Мағжан есімді оқырманның айтуынша, полиция мен бақылаушылар жолаушыны автобустан түсіргенше автобус 10 минут тоқтап тұрған. Алматы, 20 қаңтар 2016 жыл.