Академиялық оқу жылы аяқталар шақта «университеттер студенттерінің жұмысқа орналасу рейтингін қолдан жақсарту үшін дипломды жұмыс тапқаны туралы анықтама тапсырған түлектерге ғана беріп жатыр» деп шағымданушылар пайда бола бастады. Солардың бірі – алматылық Гүлнәр Жуаспаева жоғары оқу орнын (ЖОО) бітіргелі жатқан қызынан «болашақ жұмысынан анықтама әкелуді талап еткен» университет басшылығына наразы.
«Бұл ЖОО-ның бәрін жұмысқа орналастырдық деп есеп беруіне керек пе? Өзімізді де, өзгені де алдауды қашан қоямыз? Жалған құжат жасау қашан тыйылады?» деп жазды ол Facebook парағында.
«Мұндай талаптан кейін студент жалған сұраныс хат өткізе беруі де мүмкін. Бірақ ол жұмысқа кейін қайта баруы да екіталай. Өйткені студентті сұраныс хат беріп «құтқарған» жұмыс орны әрі қарай жұмысқа алар-алмасы белгісіз» еді Гүлнәр Жуаспаева Азаттық тілшісіне.
Кәсібі адвокат Гүлнәр Жуаспаева студенттердің өздері де мұндай талапқа таң қалмайтынын айтып: «Өмірлерін осындай жалғандықпен, алдаумен бастай ма? Қайда кетіп барамыз?» деп налиды. Ол қызының қай оқу орнын бітіргелі жатқанын жарияламауды өтінді, баласының дипломын алуы қиындап кетеді деп қорқады.
Алматы қаласындағы қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетін бітіріп жатқан Ғалима Досжанова да (өтініші бойынша аты-жөні өзгертілді) – «болашақ жұмыс орнынан» сұраныс хат әкелгендердің бірі.
"Түркістан қаласындағы мектептердің бірінің директорына «сіздің мектебіңізге жұмысқа келмеймін» деп уәде беріп, араға таныс салып жүріп зорға алдым сұраныс хатты" дейді ол.
Мемлекеттік грантпен төрт жыл оқыған Ғалима Досжанова енді қайда жұмысқа тұратынын да білмейді.
«ЕСЕП БЕРУГЕ КЕРЕК»
Азаттық тілшісі бірнеше ЖОО-ға хабарласып, оқу бітіретін студенттерінен болашақ жұмыс орны жөнінде сұраныс хат жинау туралы сұрастырды. Тілші хабарласқан оқу орындарының бәрі де ондай сұраныс хат талап ететінін растады. Тіпті, кейбірінің айтуынша, студенттен диплом алғанға дейін сұраныс қағазы, ал жұмысқа тұрғаннан кейін сол жөнінде қосымша анықтама жиналады.
Алматыдағы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі тәжірибе және жұмыспен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Гүлбану Айқынбаеваның сөзінше, ЖОО бұл талапты әсіресе ауылдық квотамен оқитын студенттерге қояды.
«Ал ақылы бөлімде оқитын студенттердің сұраныс хат тапсыруы міндетті емес. Бірақ олардан да сұралады, яғни қай жұмыс орнынан сұраныс әкелсе, сол жерге жолдама беріледі. Диплом алғаннан кейін де өзі жұмыс істейтін жерден анықтамалық әкелгені жөн» дейді ол.
Гүлбану Айқынбаеваның сөзінше, ЖОО түлектерінің қаншасы жұмысқа орналасқаны жайлы есепті білім және ғылым министрлігіне жібереді.
Алматыдағы қыздар педагогикалық университетінің кәсіптік бағдарлама және мансап бөлімінің бастығы Арайлым Ерболатқызы да «оқу бітірушілердің сұраныс хат әкелуі керектігін, кейін жұмысқа орналасқаны туралы анықтама беруі тиістігін» айтты.
«Осы құжаттар арқылы білім және ғылым министрлігіне, басқа да сұраған орындарға студенттердің жұмысқа орналасу көрсеткішін пайызға шығарып береміз» дейді ол.
Түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары ЖОО-лардың бірі – Астанадағы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Ондағы мансап және бизнес серіктестік орталығының қызметкері Зәмзәгүл Түсіпбекованың айтуынша, «былтыр осы оқу орнын бакалавриат бойынша бітірген студенттердің 85 пайызы, магистратура мен докторантураны бітіргендердің 100 пайызы жұмысқа орналасқан». Бұл оқу орны да бітірушілерден сұраныс хат пен анықтама талап етеді.
«РЕЙТИНГ ЖИНАУҒА КЕРЕК»
Азаттық тілшісі ЖОО-ның студенттен мұндай құжаттар талап етуі қаншалықты заңды екенін білмек болып, білім және ғылым министрлігіне хабарласты. Министрліктің ЖОО бойынша департаменті өкілінің (аты-жөнін айтпауды өтінді) сөзінше, «министрлік тек ауылдық квотамен оқу бітірген студенттердің жұмыс орны бойынша ғана анықтамалық талап етеді».
«ЖОО министрлікке беретін әкімшілік есептерінде қанша студенті қандай мамандық бойынша жұмысқа орналасқанын көрсетеді. Ал жалпы, студенттерінің қайда жұмысқа тұрғандары туралы мәлімет ЖОО-ның өзіне керек» дейді министрлік өкілі.
Ал еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыспен қамту департаментінің бас сарапшысы Әлім Бегенұлы «ЖОО көбіне жалған анықтамалықтар арқылы жұмысқа тұрған студенттерінің пайыздық көрсеткішін жоғары көрсетуге тырысады» деп есептейді.
«Кейбірі тіпті 80 пайызы еңбекпен қамтылды деген есеп береді. Бірақ біздің министрлікке тіркелген жұмыссыз жас мамандардың саны одан әлдеқайда көп, соның ішінде заңгерлер мен экономистер жетерлік» дейді Әлім Бегенұлы.
Оның пікірінше, ЖОО мұндай жалған анықтамалықтар арқылы рейтингін көтеруге ұмтылады. Рейтинг талаптарының бірі – оқу орнын бітірген жастардың жұмыспен қамту көрсеткіштері.
Қазақстанда 2008 жылдан бері ЖОО-лардың рейтингі жарияланып тұрады. Сондай рейтинг жасап, жариялаумен шұғылданатын мекеменің бірі – білім және ғылым министрлігі жанынан құрылған білім беру сапасын қамсыздандыру жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттік.
«Қазір ЖОО-лар «оқу бітірген студенттердің мынаншасы оқуын жалғастырды немесе мұнша пайызы жұмысқа орналасты» деген мәліметтерді бізге беріп жатыр. Олар агенттікке өздерінің ішкі бағалау мәліметтерін толық тапсырады» дейді осы агенттіктің үйлестірушісі Қымбат Хауысова.
Оның сөзінше, студенттерінің жұмысқа орналасуы ЖОО рейтингісіне әсер етеді, оқу орны аккредитациядан өткен кезде де бұл көрсеткіш ескеріледі.
Бірақ Қазақтандағы еңбек рыногын бақылаушы – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде ЖОО бітірген жастардың қаншасы жұмысқа орналасатыны туралы арнайы статистика жоқ.
Жұмыс орнынан сұраныс хат әкелген түлектерінің қаншасы расымен сол жерде істейтінін Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің мансап және бизнес орталығының директоры Қайыржан Саясатұлы да айта алмады.
«Сұраныс хат талап ететініміз рас. Бірақ кейін сол жерге жұмысқа бара ма, жоқ па – бізде ол туралы материал жоқ. Оған мониторинг жасамаймыз. Өйткені біздің университтеті жылына шамамен 5 мың студент бітіреді, үлгермейміз» дейді ол.
Қазақстанда ЖОО-ның оқу сапасы, ғылыми-өндірістік базасы, жалпы рейтингі әсіресе мектеп бітірушілер ұлттық бірыңғай тест тапсыратын маусымда назарға жиі ілігеді. Өйткені оқу орнының қаржылық жағдайы ақылы бөлімге көп студент қабылдауына, не мемлекеттік білім грантын ұтқан абитуриенттерге ие болуына тікелей тәуелді.