Алматыдағы шабуылды "исламшыл содырлар жасауы мүмкін". Бұл туралы Reuters ақпарат агенттігіне Қазақстан құқық қорғау органдарындағы дереккөздердің бірі айтқан.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев: Қазір құқық қорғау органдары зұлым ниеттілердің кім екенін, қандай мақсаты болғанын анықтап жатыр.
Алматыдағы шабуылдан полиция капитаны Бауыржан Нұрмаханбетов (1988 жылы туған), кіші сержант Мақсат Сәлімбаев (1991 жылы туған) және полиция старшинасы Аян Ғалиев (1974 жылы туған) қаза тапқан.
Алматыдағы атыста жараланған адамдарды қалалық жедел көмек көрсету ауруханасына алып келді.