Accessibility links

Әсет Исекешев отандық бизнеске қауіпті жаңа бағдарлама ұсынды


Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары, индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев. Ресми сайттағы сурет.
Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары, индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев. Ресми сайттағы сурет.

Қазақстан ірі инвесторларға арнап қосымша жеңілдіктер енгізуді жоспарлап отыр. Азаттық радиосының шолушысы бұл жоғарыда отырғандардың билікті теріс мақсатқа пайдалануға әкеп соқпай ма деген мәселені зерттеп көрді. Сондай-ақ мұнда «отандық бизнеске кім иелік етіп отыр?» деген сұрақтың басы қылтияды.


Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары, индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев жаңа бағдарламаларды бірінен соң бірін ұсынып келеді. Қазақстанда елдің 2010-2014 жылдарға арналған жеделдетілген индустриялдық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы қабылданған. Бұдан өзге, он үш салалық бағдарлама бар. Бірақ, 3 қазанда Әсет Исекешев үкімет отырысында жаңа «революциялық» бастамалармен баяндама жасады. Ол «Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторына инвестиция тарту бойынша Ұлттық жоспар» жобасын ұсынды.

КІРУ БИЛЕТІ – 500 МИЛЛИОН ДОЛЛАР

Расында, әлемдік қаржы дағдарысы салдарынан Қазақстан экономикасына шетелден тікелей инвестиция тарту соңғы кездері азайып кетті. 2008 жылы шетелден тікелей тартылған инвестиция 14.5 миллиард, 2009 жылы 11.7 миллиард, ал 2010 жылы шамамен 10 миллиард АҚШ долларын құраған. Экономиканың шикізаттық емес секторына салынған
«Арселор Миттал Теміртау» зауытындағы болат қорыту.
«Арселор Миттал Теміртау» зауытындағы болат қорыту.
инвестицияның мөлшері әр жылы 15 пен 25 пайыз аралығында өзгеріп отырған. Алайда жоспардың мазмұны біраз сұрақ тудырып отыр.

Үкімет бекіткен бағдарлама стратегиялық инвестициялық жобалар үшін арнайы ережені қолдануды қарастырады. Бұл үшін әр жоба бойынша жеңілдіктер тізімі жасалған. «Біз бұл жеңілдіктер – өндіріске қосымша құны 500 миллион АҚШ долларынан асатын инвестицияға арналатынын талқыладық» деген Әсет Исекешев Рrofinance.kz сайты келтірген мәліметтерде.

Шет ел инвесторларына виза беру, оларды тіркеу ережелерін жеңілдету ұсынылды. Жоспарда шет елдік компанияның көлеміне қарап инвесторды тартудың жүйелі және жекелей жұмыс істеу әдісін енгізу қарастырылған. Яғни, ірі трансұлттық компаниялармен жекеше, ал шағын және орта бизнеспен жүйелі қарым-қатынас орнату қарастырылған.

Инвестиция салған компанияны корпоративтік табыс салығынан, мүлік пен жерге салынатын салықтан босатып, кепілдендірілген мемлекеттік тапсырыс беру, өнеркәсіптік субсидия беру ұсынылады. Әзірге министрлік 2011 жылдың аяғына дейін қазақстандық алты компанияға инвестициялық преференция берді.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚАУПІ

Ұсынылып отырған жоспар секілді шикізаттық емес секторға шет ел инвестициясын тарту мәселесі өте өзекті екендігіне күмән жоқ. Алайда әр инвестормен жекелей жұмыс істеу әдісі – билікті өз теріс мақсатта пайдалану мен сыбайлас жемқорлыққа жол ашатыны белгілі.

Келісімдерге қол қою процесі ашық түрде болатын-болмайтыны белгісіз. Қазақстан «Транспаренси Интернешнл» халықаралық үкіметтік емес
Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
ұйымының мәліметтері бойынша 2010 жылы жемқорлық деңгейінен дүниежүзінің 178 мемлекетінің арасынан 105 орынды алғаны есімізде.

Бұдан өзге, Қазақстандағы преференция үнемі қарама-қайшылыққа ұрынып қалуы мүмкін. 2009 жылғы желтоқсанның 4-інде болған Шет ел инвесторларының кеңесінің жиынында Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз барлық инвесторларды индустрияландыру бағдарламасымен етене түрде ынтымақтасуға міндеттейтін заңдар қабылдаймыз» деген болатын.

Бірақ 2010 жылы ол мұнай компанияларына жеңілдетілген салық төлемдері режимдерінің ауысуынан сақтайтын бұрынғы келісім-шарттар қайта қаралуы керек деп тіке айтты. Әділ және ашық сот болмаған жердегі заңнамалық базаның тұрақсыздығы Қазақстандағы кез-келген бизнес түріне қауіп төндіреді.

Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде жыл сайын төмен сатыға түсіп келеді. Дүниежүзілік экономикалық форум сарапшыларының пікірінше, онда да көп проблемалар институционалдық саладан келіп шығады.

Ресейдің ұлттық рейтинг агенттігінің деректері (2011 жылдың жазындағы) бойынша, инвестициялық тартымдылығы жағынан Қазақстан әлемдегі 212 елдің арасында 93-ші орында тұрса, бұл тізімде Ресейдің өзі 130-шы орында екен.

ҚАЗАҚСТАН БИЗНЕСІНЕ КІМ «ИЕЛІК ЕТЕДІ»?

Тағы бір түсінбейтін нәрсе – не себепті жеңілдіктер шет елдік инвесторларға ғана беріледі деген сұрақ. Мұның нәтижесінде қазақстандық кәсіпорындарды бәсекеге қабілетсіз етіп, ақыр аяғында құлдырауына әкеп соғатын жергілікті бизнес үшін теңсіздік жағдай пайда болады.

Оның үстіне, шикізаттық емес секторға шет елдік ірі компаниялардың
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев көмірсутегін өңдейтін кешенді ашу шарасында. Қарашығанақ, 1 тамыз 2003 ж.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев көмірсутегін өңдейтін кешенді ашу шарасында. Қарашығанақ, 1 тамыз 2003 ж.
келуі осы салада жүрген шағын және орта бизнесті жұтып қоюы мүмкін. Шет елдік ірі инвесторларға кепілдендірілген мемлекеттік тапсырыс беру ұсынысы нарықты монополизациялауға әкеп соғуы мүмкін. Себебі ірі бизнес монополиямен «жан-тәнімен» байланыса кетеді.

Қазақстанның ірі инвестициялық банктерінің артық төлем қабілеті бар, зейнетақы қорларының активтері жеткілікті және инфляцияның артып бара жатқан жағдайында шеттен қаржы тартпай-ақ, керісінше мемлекеттің өз экономикасындағы қорларды тиімді пайдаланған жөн болар еді. Әлде мемлекеттік шенеуніктер Қазақстанның болашағын тек шет елдік капиталмен ғана байланыстыра ма?

(Азаттық радиосының экономикалық шолушысы Дерия Атабаевтың бұл мақаласында білдірген жеке көзқарасы мен байламы редакцияның ұстанымына сәйкес келмеуі мүмкін.)
XS
SM
MD
LG