Сарапшылар Батыстың ауыл шаруашылығы өнімдерінен Ресейдің бас тартуынан Қазақстан ұтуы мүмкін деген болжам жасайды.
Ғаламдық инновация индексінде Қазақстан нәтижесі мардымсыз елдер қатарында қалып отыр. Бірақ инновацияны дамытуға жұмсайтын шығындар жағынан Қазақстан көш соңында емес.
Статистика агенттігі зерттеуінше, үй шаруашылығы иелерінің 76 пайызы, ал ауылдық жерде олардың 77 пайызының тұрмысына разы. Ал халықаралық рейтингтердің мәліметі сәл басқаша.
Әйелдердің зейнетке шығу жасын ұзартып, Бірегей зейнетақы қорын құрғаннан кейін де пенсия жүйесінің реформасы бітпейді. Енді жұмыс берушіні табыстың бес пайызын зейнет қорына аударуға міндеттемек.
Жыл басынан бері Қазақстанда тұтыну тауарларының бағасы мен қызмет көрсету тарифтері 2013 жылмен салыстырғанда 4,5 пайызға қымбаттады. Біреулер мұны Ресей нарығына тәуелділіктен көреді.
ЕАЭО туралы келісім Қазақстан, Беларусь және Ресейдің шикізат саласына тәуелді экономикасын біріктіруді көздейді. Бұдан нақты интеграция күтетіндер де, "сауда соғысын" болжаушылар да бар.
ТМД елдері, оның ішінде Қазақстанның энергетика саласында Қытайдың инвестициялық ықпалы өсіп келеді. Кейбір сарапшылар мұны заңды процесс санаса, енді біреулері қауіпті тенденцияға балайды.
Биыл Қазақстан бюджетінен қорғаныс саласына екі миллиардқа жуық доллар бөлу қарастырылған. Бірақ армияға қыруар қаржы бөлінсе де, халықаралық сарапшылар елдің әскери қуатын әлсіз деп бағалайды.
Қазақстанда жүргізілген зерттеу нәтижелеріне қарағанда, азаматтардың төрт пайызы ғана «әйелдер» ұжымында жұмыс істегісі келеді. «Әйелдер» мен «ерлер» ұжымы деп бөлу стереотипке негізделген.
Ресейге жаңа санкциялар салынса, Қазақстан мұнай экспортының жаңа маршруттарын іздеуге мәжбүр болады. Бірақ Украина дағдарысы қазірдің өзінде экономиканың кейбір салаларына әсер етті.
Үкімет пен ұлттық банк маусымға дейін капиталға рақымшылық жасау туралы заң жобасын әзірлемек. Үшінші рет қаржы амнистиясын жасалатын Қазақстанда алдыңғылары сәтсіз болған еді.
Қазақстанда былтыр 100 мыңнан аса адам қылмыс жасаған. Оның 80 мыңға жуығы - жұмыссыздар. Сол жұмыссыздардың бірі "қылмыс жасауға жігерсіздік пен дәрменсіздік итермелейді" дейді.
Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингінде Қазақстан жол сапасы бойынша 117-орында тұр. Бірақ елдегі жол салу шығыны кейбір Еуропа мемлекеттеріне қарағанда екі есе көп.
Қазақстандықтар арасында тыныс алу органдары аурулары көбейіп келеді. Дәрігерлер мұны жайсыз экологиялық ахуалмен байланыстырады.
Үкімет девальвациядан шығынға батқан бизнеске өтемақы ретінде бір триллион теңге несиені жеңілдікпен беруге уәде етті. Кәсіпкерлер оны парасыз алудан үміттенеді.
Қазақстанға қарыз беруші негізгі елдер - Нидерланд, Ұлыбритания және Қытай. Ұлттық банк дерегінше, Қазақстанның бұл елдерге қарызы 72 миллиард доллардан асқан.
Украинадағы соңғы оқиғалардан Ресей мен Батыстың арасы ушығып, алтын бағасы қымбаттады. Сарапшылар бағалы металл бағасына қатысты болжамдарын өзгерте бастады.
Қазақстан президенті шетел инвестициясы азайғаны үшін үкіметті сынады. Батыс сарапшыларының пікірінше, "инвесторларды қазбалы ресурстарға бай елде биліктің ауысу сценарийіндегі белгісіздік үркітеді".
Соңғы бес жыл ішінде Қазақстанда теңге екі мәрте күрт құнсызданды. Ұлттық банк екі жағдайда да девальвацияның себебін әлемдік экономикадағы дағдарыс салдары деп түсіндірді.
Қазақстанда теңге девальвациясы елдің есін алып жатқанда, суррогат ақша - биткоинға жұрттың қызығушылығы кеми түсті. Бірақ Қазақстанда бұл валюта туралы білетіндер аз, ал биліктегілер одан аулақ болуға шақырады.
Тағы