Нұрлан Жоламановқа үкім шықты
Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының судьясы Ербол Ахметжанов Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің бұрынғы директоры Нұрлан Жоламановты 11 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сотталушының қызы Әйгерім Жоламанова үкіммен келіспейтінін айтады. Астана, 6 наурыз 2015 жыл.