"Полицияға бағынбасаң, 11 млн теңге айыппұл"
Бүгін мәжілісте бас прокуратура мен ішкі істер министрлігі ұсынған заң жобасы қаралды. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, антитеррорлық операция және төтенше жағдайлар кезінде полицияға бағынбаған адамға 11 миллион теңгеге дейін айыппұл салынбақ, ондай қаражаты болмаса күні 4 айлық есептік көрсеткішпен есептелетін қамау жазасы қарастырылған. Бірақ депутаттар бұл ұсыныспен келіспеді. Астана, 15 ақпан 2017 жыл.